All Articles
2 min read
Infrastructure🇰🇿 КазахстанSeptember 14, 2026

Қазақстанда 40 мың шақырым автожол мобильді байланыспен қамтылады

Қазақстанда республикалық және облыстық маңызы бар 40 мың шақырым автожолды тұрақты мобильді байланыспен қамту жоспарланып отыр. Ол үшін 500-ден астам антенна-діңгек құрылымы мен базалық станция салынады. Қазақстан автожолдарын мобильді байланыспен қамту жобасы кезең-кезеңімен…

Гульнур Какимжанова·Tech-news.kz
Original Source
Key Takeaways
  • 01.Қазақстанда республикалық және облыстық маңызы бар 40 мың шақырым автожолды тұрақты мобильді байланыспен қамту жоспарланып отыр
  • 02.Ол үшін 500-ден астам антенна-діңгек құрылымы мен базалық станция салынады
  • 03.Қазақстан автожолдарын мобильді байланыспен қамту жобасы кезең-кезеңімен…
Қазақстанда 40 мың шақырым автожол мобильді байланыспен қамтылады

Қазақстанда республикалық және облыстық маңызы бар 40 мың шақырым автожолды тұрақты мобильді байланыспен қамту жоспарланып отыр. Ол үшін 500-ден астам антенна-діңгек құрылымы мен базалық станция салынады. Қазақстан автожолдарын мобильді байланыспен қамту жобасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Республикалық маңызы бар жолдардағы жұмыстарды 2026 жылдың соңына дейін, ал облыстық жолдарды 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған, деп хабарлайды Tech-news. Жобаның іске асырылу барысы Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды. Жиынға «Транстелеком» АҚ мен мобильді байланыс операторларының өкілдері қатысты. Тараптар жобаның қазіргі жай-күйін, сондай-ақ салынып жатқан телекоммуникациялық инфрақұрылымды инвестор мен байланыс операторларының бірлесіп пайдалану мәселелерін қарастырды. Негізгі міндеттердің бірі – автожолдар бойында мобильді байланыстың тұрақты қамту аймағын қалыптастыру. Осы мақсатта жобаға қатысушылардың жұмысын өзара үйлестіруге де назар аударылды. Жалпы 500-ден астам антенна-діңгек құрылымы мен базалық станция салу көзделген. Жаңа инфрақұрылым арқылы елдегі 40 мың шақырым автожолды мобильді байланыспен қамту жоспарланып отыр. Жобаны «Транстелеком» АҚ қаржыландырады. Бұл мақсатқа бюджет қаражаты тартылмайды. Кеңес қорытындысында инвестор мен ұялы байланыс операторлары жобаны әрі қарай іске асыру және өзара жұмыс істеу тәртібін белгіледі. Сообщение Қазақстанда 40 мың шақырым автожол мобильді байланыспен қамтылады появились сначала на Tech news.

Aggregated within AI Qazaqstan national intelligence stream with author attribution.

Related Intelligence

All stories →
Research1 мин

Anthropic uses gas to fuel AI growth

Anthropic reports on its centers' dependence on natural gas and the associated risks.

SMNTCN (Semanticon) — глобальные новости ИИ
Research1 мин

Anthropic is burning gas to feed the AI boom

As it prepares to go public, Anthropic's S-1 filing makes generative AI's methane dependency glaringly obvious. "Competition for access to electrical supply and data center locations with adequate power availability is intense." In documents filed with the US Securities and…

The Verge — AI