Құрылтайдың Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті желтоқсанда өтетін тыңдауға дайындықты бастады. Комитет төрағасы Дархан Ахмедиевтің айтуынша, негізгі мақсат цифрландыру деңгейін бағалаумен шектелмей, экономиканың нақты салаларындағы мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін технологиялар мен тиімді тетіктерді анықтау, деп хабарлайды Tech-news. «Цифрландырудың нәтижесі нақты болуы керек. Өндірісті ұлғайтуға, шығындарды азайтуға, кәсіпорындардың табысын арттыруға және экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған нақты жобалар қажет. Алдағы тыңдауда осы мәселелерді көтеріп қана қоймай, оларды шешудің нақты жолдарын ұсынуға тырысамыз», – деді Дархан Ахмедиев. Дайындық аясында бірнеше жұмыс тобы құрылады. Олардың құрамына бизнес өкілдері, ғалымдар, IT-мамандар және салалық сарапшылар кіріп, әр бағыттағы өзекті мәселелерді зерттейді. Сонымен бірге кәсіпорындар өз күшімен жүзеге асыра алатын жобалар, мемлекеттік қолдауды қажет ететін бастамалар және іске асуы үшін заңнамаға өзгерістер енгізу керек мәселелер жеке қарастырылады. Жұмыс топтарына шетелде тұратын және тиісті салаларда тәжірибесі бар қазақстандық мамандар да қатыса алады. Тыңдауға дайындық барысында 5–10 қазан аралығында азаматтар мен сарапшылар өз жобалары мен ұсыныстарын Құрылтайдың ресми сайты арқылы жібере алады. Ол үшін басты беттегі арнайы баннерді басып, тиісті бағыт бойынша жұмыс тобын таңдау қажет. 11 қазаннан бастап келіп түскен ұсыныстар бағыттар бойынша қаралып, жүйеленеді. Тыңдау Мемлекет басшысы жариялаған «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында өтеді. Биыл 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» ауқымды цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын жаппай енгізу жөніндегі жалпыұлттық стратегиясы бекітілді. Стратегия экономика салаларына жасанды интеллектіні енгізуді, өндіріс пен басқа да негізгі секторларды технологиялық жаңғыртуды көздейді. Құрылтай тыңдауында осы міндеттерді нақты жобалар мен практикалық ұсыныстарға айналдыру мәселелері қарастырылмақ. Сообщение Құрылтай цифрландыру мен ЖИ бойынша жобалар мен ұсыныстар қабылдап жатыр появились сначала на Tech news.
Startups2 分钟阅读
标题为哈萨克语Құрылтай цифрландыру мен ЖИ бойынша жобалар мен ұсыныстар қабылдап жатыр
Құрылтайдың Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті желтоқсанда өтетін тыңдауға дайындықты бастады. Комитет төрағасы Дархан Ахмедиевтің айтуынша, негізгі мақсат цифрландыру деңгейін бағалаумен шектелмей, экономиканың нақты салаларындағы мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін…
Tech-news.kz作者: Гульнур Какимжанова2026年10月8日 (10月8日)
提供 1 种语言版本AI 摘要:要点
- Құрылтайдың Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті желтоқсанда өтетін тыңдауға дайындықты бастады
- Комитет төрағасы Дархан Ахмедиевтің айтуынша, негізгі мақсат цифрландыру деңгейін бағалаумен шектелмей, экономиканың нақты салаларындағы мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін…

全文为哈萨克语
相关文章
新现代途胜首日斩获1.5万订单
现代汽车已开始在韩国接受第五代途胜的订单,首日就收到了15,045辆订单。这明显多于前代产品 2020 年 9 月进入市场时收到的订单量。当时该型号收到了 10,842 份订单。混合动力车的性能优于汽油车......
Kursiv Media Tech
Startups1 分钟
数百美元起的服务:11 项收费服务
数百美元起的服务:11 种服务集合要成为自由职业者并获得客户,您不必立即了解代码、安装和设计。 ㅤ 有些服务的成品几乎是从头开始组装的。选择一个,学会接受它......
Telegram — Paragon | Нейросети и ИИ
Hugging Face Blog
为什么个人品牌对企业发展很重要?
🚀 为什么个人品牌对业务发展很重要?个人品牌在公司发展中的作用将在与 BLVD 创意公关机构创始人兼首席执行官、2025 年戛纳国际创意节获奖者 Leonid Nigmatullin 的会议上讨论。哈萨克斯坦创业行业的竞争...
Astana Hub (KB mirror)
