Қазақстандық кәсіпкерлер халықаралық нарықта миллиондаған доллар табыс әкелетін технологиялық компания құрып, сингапурлық PvX Partners компаниясынан 100 млн долларға дейін қаржыландыру тарту мүмкіндігіне ие болды. Жасанды интеллект технологиялары негізінде қосымшалар әзірлейтін қазақстандық Nomad Venture Studio (NVS) компаниясы екі жылдың ішінде оның ай сайынғы табысы 3 млн долларға жетті, ал өнімдерін әлемнің түкпір-түкпіріндегі пайдаланушылар қолданады, деп хабарлайды Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы. «Бұл - Nomad Venture Studio тарихындағы ең ірі мәміле әрі серіктесіміз үшін де ең ауқымды келісімдердің бірі. Біз үшін бұл жай ғана қаржыландыру емес. Бұл - халықаралық серіктестердің қазақстандық технологиялық компаниялардың әлеуетіне сенетінінің дәлелі. Алынған қаражат жаңа нарықтарға шығуға, тың өнімдер әзірлеуге және даму қарқынын айтарлықтай жеделдетуге мүмкіндік береді. Біз пайдаланушыларға арналған қосымшалар нарығындағы әлемдік көшбасшылардың біріне айналуды мақсат етіп отырмыз. Алдағы 6–12 айда компанияның табысы 100 млн доллардан асады деп күтеміз», - деді Nomad Venture Studio (NVS) компаниясының негізін қалаушылардың бірі әрі бас директоры Мирас Советов. PvX Partners компаниясымен жасалған келісімнің ерекшелігі - бұл бизнестегі үлесті беруді талап ететін дәстүрлі инвестиция емес. Сингапурлық қаржы компаниясы жаңа пайдаланушыларды тартуға қажетті қаражат бөледі, ал NVS бұл қаражатты сол пайдаланушылардан түсетін табыс есебінен қайтарады. Осылайша, қазақстандық команда бизнеске бақылауды сақтай отырып, өз өнімдерін ілгерілетуге әлдеқайда көп қаражат жұмсай алады. Бизнес қалай құрылды? Nomad Venture Studio компаниясының негізін қалағандар - қазақстандық кәсіпкерлер Мирас Советов пен Марғұлан Ермек. Олар әлемнің түкпір-түкпіріндегі пайдаланушыларға арналған қосымшалар әзірлейтін компания құрды. Команданың ең табысты жобасы - JobEscape. Бұл адамдарға жасанды интеллектіні меңгеруге және оны жұмыс барысында қолдануды үйретуге көмектесетін білім беру платформасы. Мысалы, платформа арқылы AI-көмекшілер құруды, күнделікті міндеттерді автоматтандыруды, сондай-ақ жаңа технологияларды табыс табу мен мансаптық дамуға пайдалануды үйренуге болады. Қазіргі таңда JobEscape компанияға ай сайын шамамен 3 млн доллар табыс әкеледі. Платформаны 173 елдің тұрғындары пайдаланады, ал оқу материалдары 19-дан астам тілде қолжетімді. Табыс табуға көмектесетін жасанды интеллект Бір қызығы, NVS жасанды интеллект негізінде өнімдер әзірлеп қана қоймай, өз бизнесін дамыту үшін де AI технологияларын қолданады. Команда жаңа клиенттерді табуға, жарнамалық материалдар жасауға және олардың тиімділігін бағалауға көмектесетін Console AI жүйесін әзірледі. Мысалы, компания мыңдаған жарнамалық хабарландыруды іске қосса, жасанды интеллект олардың қайсысы шынымен сатып алушыларды тартатынын, ал қайсысы тек бюджетті жұмсайтынын анықтауға көмектеседі. NVS мәліметінше, команда жыл сайын шамамен 50 мың жарнамалық материалды сынақтан өткізеді. Ал компанияның өз технологиясы жарнамалық материалдарды әзірлеуге кететін қол еңбегінің 70%-ына дейін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Осының арқасында компания жаңа клиенттерді жылдам тауып, қосымшаларын ілгерілетуге жұмсалатын қаражатты тиімді пайдалана алады. Ендігі мақсат - миллиард долларлық табысқа жету Қазіргі таңда Nomad Venture Studio компаниясында 70-тен астам маман жұмыс істейді. JobEscape жобасынан бөлек, команда жасанды интеллект көмегімен суреттер, бейнелер және басқа да контент түрлерін жасауға мүмкіндік беретін 7ART платформасын, сондай-ақ балаларға арналған Kidling қосымшасын дамытып келеді. Алайда компанияның жоспарлары бұдан да ауқымды. NVS жаңа қосымшалар әзірлеумен қатар, жұмыс істеп тұрған цифрлық өнімдерді сатып алып, оларды өз технологияларының көмегімен жетілдіруді және халықаралық нарыққа шығаруды көздейді. Қазақстандық IT-мамандарға шетелге көшу міндетті емес NVS дамуының тағы бір бағыты - команданы кеңейту болып отыр. Қазіргі уақытта компанияда әзірлеушілер, AI-инженерлер, дизайнерлер, өнім менеджерлері және цифрлық маркетинг мамандары жұмыс істейді. Олар әлемнің әр түкпіріндегі пайдаланушылар қолданатын халықаралық жобаларды жүзеге асыруға қатысады. Компанияның дамуы жаһандық технологиялық өнімдер жасауға қатысқысы келетін қазақстандық IT-мамандарға жаңа мүмкіндіктер ашады. Енді халықаралық деңгейдегі жобалармен жұмыс істеу үшін елден тысқары жерге көшу міндетті емес. NVS білікті мамандарды бір командаға біріктіріп, Қазақстанда халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті технологиялық ұжым қалыптастыруға ұмтылады. Nomad Venture Studio компаниясының тарихы қазақстандық технологиялық компаниялардың әлемдік нарыққа шығып қана қоймай, ірі халықаралық қаржы серіктестерінің де назарын аудара алатынын көрсетеді. Ал PvX Partners компаниясымен жасалған 100 млн доллар көлеміндегі қаржыландыру келісімі Қазақстанда жаңа жаһандық технологиялық ойыншының қалыптасуына жол ашуы мүмкін.
Startups4 分钟阅读
哈萨克斯坦初创公司 NVS 获新加坡 1 亿美元融资
哈萨克斯坦AI公司的月收入估计为300万美元
Kapital.kz作者: Редакция Kapital.kz2026年10月19日 (6天前)
提供 4 种语言版本AI 摘要:要点
- 哈萨克斯坦AI公司的月收入估计为300万美元
全文为哈萨克语
相关文章
Recursive 发布了编码代理模型
🌟 Recursive 发布了编码代理模型 由 Richard Socher 创立的初创公司 Recursive Superintelligence 在 5 月份投资 6.5 亿美元走出阴影,展示了其第一个模型 - Flint。 Recursive 甚至在第一个模型出现之前就收到了这笔钱,很大程度上是由于......
Telegram — AI Machine Learning Big Data
Anthropic 联合创始人 Jack Clark 将其对人工智能自我改进的预测提前至 2027 年
P-Zero Research 的新基准衡量人工智能模型自行设计和评估实验的效果。结果改善得如此之快,以至于 Anthropic 联合创始人 Jack Clark 现在认为自我改进的人工智能可能会在 2027 年到来。Anthropic 联合创始人 Jack Clark 的文章......
The Decoder
HackAlem AI:世界最大AI黑客马拉松颁奖典礼举行!
🏆 HackAlem AI:世界最大AI黑客马拉松颁奖典礼举行!HackAlem AI——由参赛人数创吉尼斯世界纪录™的AI黑客马拉松。共有2,415人参赛,提交1,066个AI解决方案。其中60个进入决赛。获奖者总体……
Astana Hub (KB mirror)
Moonshot 推出 Kimi K3.1 Pro,定位为开放模型中的领导者
Moonshot 推出了 Kimi K3.1 Pro,这是一种新的语言模型,可能成为开放 AI 模型中的领导者。
SMNTCN (Semanticon) — глобальные новости ИИ