«Қазақтелеком» суперкомпьютерінің ресурстарының 70%-ын екі жылға алдын ала финтех-холдинг Kaspi.kz сатып алды. Бұл туралы «Қазақтелеком» басқарма төрағасы Бағдат Мусин Алматыда өткен Kazakhstan Growth Forum'26 форумында мәлімдеді, деп хабарлайды Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы. «Біз «Қазақтелеком» суперкомпьютерінің қуатын алғашқылардың бірі болып Kaspi.kz-ке ұсындық. Финтех-холдинг бірден суперкомпьютер қуатының 70%-ын екі жылға алдын ала сатып алды... Яғни егер корпорациялар GPU-ды (бір уақытта мыңдаған математикалық есептеулерді орындайтын графикалық процессорлар – Ред.) өнеркәсіптік ауқымда пайдаланса, демек олар цифрландыру үшін шынымен бір нәрсе жасап жатыр. Егер олар мұның қымбат екенін айтып, шартты түрде басқа технологиялардың бағасымен салыстыра бастаса, бұл енді басқа әңгіме», – деді Бағдат Мусин. Ол суперкомпьютердің қуатын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының портфельдік компаниялары да пайдаланатынын атап өтті. «Kaspi.kz суперкомпьютерден алып отырған ресурстардың қаншалықты пайдаланылатынын көріп отырмыз – олардың жүктемесі шегіне жеткен. «Самұрық-Қазына» қорының көптеген компаниясы да ЖИ инновацияларын енгізу үшін осы қуаттарды пайдаланады. Біз ұлттық әл-ауқат қорының басшысына оның портфельдік компанияларының қайсысы суперкомпьютер ресурстарын қаншалықты пайдаланатыны туралы мәлімет береміз. Яғни олардың қуаттарды қаншалықты пайдаланатынын немесе GPU қуатын мүлде қолданбайтынын көрсетеміз», – деді ол. Бағдат Мусиннің айтуынша, деректерді өңдеу орталықтарының құрылысы тек жергілікті емес, жаһандық технологиялық ойыншыларға да бағытталған. «Біз Қазақстанды әлемдік деңгейдегі деректерді өңдеу орталықтары орналасатын, әлемдік ЖИ экономикасына қызмет көрсету үшін ақпарат өңделіп, токендер пайда болатын технохабқа айналдырғымыз келеді», – деп түйіндеді телекоммуникациялық компанияның басшысы. Еске салайық, 2025 жылғы қазанда Алматыда «Қазақтелеком» өнімділігі 1,5 мың петафлопс болатын AI-Farabium суперкомпьютерін іске қосты. Ол елдегі екінші суперкомпьютер болды. Бүгінде ол әлемдегі ең өнімді суперкомпьютерлер рейтингінде 103-орында тұр, ал оның есептеу қуаты 100%-ға жүктелген. «Қазақтелеком» өзінің алғашқы NVIDIA H200 графикалық жеделдеткіштері базасындағы суперкомпьютеріне арналған жабдықты (Al-Farabium AI-кластері) 2025 жылғы маусымда алды. Ол өңірдегі ең қуатты суперкомпьютерлердің біріне айналады деп болжанған. Кластер Қазақстанның технологиялық тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған. Қазіргі уақытта жаңа ақпараттарды өңдеу орталықтарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Косшы қаласында Алматыдағы суперкомпьютерден үш есе қуатты суперкомпьютерді іске қосу жоспарланған. Екібастұзда «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» пилоттық жобасы жүзеге асырылады. Деректерді өңдеу орталықтары алқабына шамамен 30 млрд доллар инвестиция тарту жоспарланғаны мәлімделді. Орталық Азиядағы алғашқы жоғары өнімді Alem.cloud суперкомпьютерлік кластері де Қазақстанда 2025 жылғы қазанда іске қосылды. Ол әлемдегі ең қуатты суперкомпьютерлер рейтингінде 86-орынға ие болды.
Багдат Мусин: Kaspi.kz купил 70% мощностей суперкомпьютера
Багдат Мусин: Kaspi.kz купил 70% мощностей суперкомпьютера.
Кратко от AI: Главные тезисы
- Багдат Мусин: Kaspi.kz купил 70% мощностей суперкомпьютера.
Похожие материалы
SpaceX заключает сделку на финансирование AI-оборудования за $40 миллиардов
SpaceX заключила сделку на финансирование AI-оборудования на $40 миллиардов.
NVIDIA Minerva оптимизирует работу GPU в AI фабриках
NVIDIA Minerva оптимизирует работу GPU в AI фабриках, устраняя операционные пробелы.
ENSpaceX locks in $40B GPU financing deal with Apollo
SpaceX has locked in a binding commitment for roughly $40 billion in financing to pay for AI chips and related data center equipment, the company disclosed in a regulatory filing Monday. In a statement, SpaceX called it the “largest committed GPU financing” ever.
Но самое интересное из данных IPO Anthropic - то, что они привлекли в совокупности $141,1 млрд, а на их счетах до сих...
Но самое интересное из данных IPO Anthropic - то, что они привлекли в совокупности $141,1 млрд, а на их счетах до сих пор $131,7 млрд Получается, что за всю свою историю Anthropic потратила около $9,4 млрд, при этом всего за 3 года её выручка выросла с нуля до $16,3 млрд за…
