Бүгінде технология мен қауіпсіздік қатар дамып келеді. Ал Семейдегі робот-иттер — осы өзгерістің көзге көрінетін жаңа белгісі. Абай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ісіне заманауи технологиялар енгізіле бастады. Енді Семей қаласының көшелері мен қоғамдық орындарында адамдармен қатар робот-иттер де қызмет атқарады. Алғаш рет технологиялық құрылғыны полицейлер Семей қаласының орталық алаңына шығарып, тұрғындарға таныстырды. Төрт аяқты робот жұртшылықтың назарын бірден аударып, әсіресе балалар мен жастардың қызығушылығын оятты. Көпшілік жаңа технологияны көріп, оның мүмкіндіктеріне оң бағасын берді. Робот-иттер қоғамдық орындарды патрульдеуге, ахуалды бақылауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға көмектеседі. Заманауи бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған құрылғы қоршаған орта туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде жинап, оны жедел басқару орталығына жеткізе алады. Технологиялық көмекшінің мүмкіндігі мұнымен шектелмейді. Ол күмәнді заттарды анықтауға, түтін мен өрт белгілерін тіркеуге және қауіпті жағдай туындаған кезде тиісті дабыл сигналдарын автоматты түрде төтенше қызметтерге жіберуге мүмкіндік береді. Робот-ит адамды алмастыру үшін емес, қоғамдық қауіпсіздікті күшейтіп, полицейлердің жұмысын жедел әрі тиімді етуге арналған заманауи құрал ретінде қызмет етпек.
Материал агрегирован из первоисточника:
Profit.kz — ИТ в Казахстане
Читать полностью в Profit.kz — ИТ в КазахстанеАбай облысында робот-ит қоғамдық тәртіпті сақтауға кірісті
Абай облысында робот-ит қоғамдық тәртіпті сақтауға кірісті.
Кратко от AI: Главные тезисы
- Абай облысында робот-ит қоғамдық тәртіпті сақтауға кірісті.

Похожие материалы
Ideogram представила модель Vector 1.0
✔️ Ideogram представила модель Vector 1.0 Это первая специализированная модель компании для работы с векторной графикой, которая создает масштабируемые SVG-иллюстрации по текстовым запросам, а также векторизует загруженные растровые изображения форматов JPG и PNG. Результат…
Искусственный интеллект в радио: новый испаноязычный ведущий поддерживает иммигрантов
Койотек, первый испаноязычный радиоведущий на основе ИИ, поддерживает иммигрантов.
Познакомьтесь с ИИ-агентами, пытающимися стать настоящими журналистами
Джейден, Сэм и Зак охотно рассказывают редакторам о репортажах и расследованиях. Подвох? Они все агенты ИИ.
На Mentorix вышел курс — «RAG Engineering: создание production-ready AI-систем»
📘 На Mentorix вышел курс — «RAG Engineering: создание production-ready AI-систем» Хотите не просто собрать демо «чат по документам», а сделать RAG, который находит нужный раздел и отвечает с цитатами? Этот курс — полный путь от RAG без фреймворков до production agentic RAG. •…
