Жалпы🇰🇿 Казахстан2026 ж. 12 қазан

ЖИ арқылы Adobe бағдарламаларына тегін балама жасалып жатыр

Әзірлеуші Брэндон Томас жасанды интеллект көмегімен Adobe өнімдерін алмастыруға арналған Artcraft жобасын таныстырды. Ашық кодты жоба кескін өңдеу, векторлық графика, бейнемонтаж және PDF құжаттарымен жұмыс істеуге арналған тегін қосымшаларды біріктіреді, деп хабарлайды…

Гульнур Какимжанова·Tech-news.kz
Түпнұсқа
Негізгі тұжырымдар
  • 01.Әзірлеуші Брэндон Томас жасанды интеллект көмегімен Adobe өнімдерін алмастыруға арналған Artcraft жобасын таныстырды
  • 02.Ашық кодты жоба кескін өңдеу, векторлық графика, бейнемонтаж және PDF құжаттарымен жұмыс істеуге арналған тегін қосымшаларды біріктіреді, деп хабарлайды…
ЖИ арқылы Adobe бағдарламаларына тегін балама жасалып жатыр

Әзірлеуші Брэндон Томас жасанды интеллект көмегімен Adobe өнімдерін алмастыруға арналған Artcraft жобасын таныстырды. Ашық кодты жоба кескін өңдеу, векторлық графика, бейнемонтаж және PDF құжаттарымен жұмыс істеуге арналған тегін қосымшаларды біріктіреді, деп хабарлайды Tech-news. Жоба жеті қосымшадан тұрады. Олардың әрқайсысы Adobe экожүйесіндегі белгілі бір өнімнің баламасы ретінде әзірленіп жатыр. Photocraft — кескіндерді өңдеуге арналған Photoshop баламасы. Vectorcraft — векторлық графикамен жұмыс істейтін Illustrator баламасы. Filmcraft — бейнемонтажға арналған Premiere баламасы. Lightcraft — фотосуреттерді өңдеуге арналған Lightroom баламасы. Effectcraft — визуалды эффектілер жасауға арналған After Effects баламасы. Designcraft — беттеу және дизайн жұмыстарына арналған InDesign баламасы. Printcraft — PDF құжаттарымен жұмыс істеуге арналған Acrobat Pro баламасы. Жобаны әзірлеу кезінде Claude Opus 5.5 жасанды интеллект моделі, реверс-инжиниринг әдісі және Rust бағдарламалау тілі қолданылып жатқаны айтылған. Реверс-инжиниринг — дайын бағдарламаның қалай жұмыс істейтінін зерттеп, оның құрылымы мен функцияларын түсінуге бағытталған әдіс. Artcraft қосымшалары тегін таратылады және жазылым талап етпейді. Әзірлеуші бастапқы кодты көпшілікке ашып, пайдаланушыларға оны зерттеуге, өзгертуге және жобаны дамытуға үлес қосуға мүмкіндік беруді көздейді. Жобаның негізгі идеясы — жасанды интеллект бағдарламалық өнімдерді әзірлеу құнын төмендетіп, коммерциялық сервистерге тегін балама жасауға жол аша алады. Брэндон Томас бұл көзқарасын «Software is over» — «Ақылы бағдарламалық жасақтама дәуірі аяқталды» деген ұранмен білдірген. Artcraft әзірге толыққанды жұмыс істейтін өнім деңгейіне жеткен жоқ. Пайдаланушылар негізгі функциялардың өзінде ақаулар кездесетінін хабарлап отыр. Томас болашақта қосымшалардың мүмкіндіктерін түпнұсқа бағдарламаларға барынша жақындатуды жоспарлайды. Сонымен бірге жобаның болашағына қатысты сұрақтар бар. Adobe өз өнімдерінің функцияларын қайталайтын қосымшаларға қалай қарайтыны әзірге белгісіз. Мұндай жобалар бағдарламалық өнімдерді көшіруге, авторлық құқыққа және коммерциялық бағдарламалардың лицензиялық шарттарына қатысты құқықтық дауларға әкелуі мүмкін. Artcraft-тың сәттілігі әзірлеушінің амбициясына ғана емес, қосымшалардың тұрақтылығына, функцияларының толықтығына және құқықтық шектеулерге де байланысты болады. Әзірге жобаны Adobe өнімдерінің дайын алмастырушысы емес, ашық кодты балама жасауға бағытталған тәжірибелік бастама ретінде қарастырған жөн. Сообщение ЖИ арқылы Adobe бағдарламаларына тегін балама жасалып жатыр появились сначала на Tech news.

Материал авторға сілтеме жасай отырып, ұлттық инфопоток аясында агрегацияланған.

Байланысты материалдар

Барлығы →
Жалпы1 мин

Edge AI қолданбаларын шешу үшін OnLogic сатып алу үшін OMRON

OnLogic өзінің Вермонт штатындағы штаб-пәтерін, сондай-ақ жаһандық кеңселерін OMRON бөлігі ретінде сақтайды. Дереккөз: OnLogic Өндірушілер деректер мен AI-ны шетте көбірек пайдаланатындықтан, оларға нақты уақыттағы автоматтандыру және басқарумен қатар жұмыс істейтін сенімді есептеулер қажет. OMRON корпорациясы осы айда…

The Robot Report
Зерттеулер1 мин

Anthropic өзінің кітаптарын Уолл-стрит үшін ашады, рекордтық кіріс пен өсу міндеттемелерін көрсетеді

Anthropic - SEC-ке S-1 құжатын тапсырған алғашқы ірі AI зертханасы, ол Nasdaq тізімінде «ANT» белгісімен тізімге кіруді жоспарлап отыр. Сандар күшті, тоқсан сайынғы кірісі 11,6 миллиард доллар, бірінші операциялық пайда және бар тұтынушылар жылына тоғыз есе көп жұмсайды.…

The Decoder
Жалпы1 мин

2026 жылғы Нью-Йорк климаттық апталығында MIT жаһандық желіге қосылады

Жыл сайын NYC Climate Week 100 000-нан астам адамды климаттық қиындықтарды талқылау, шешімдерді зерттеу және әрекетті ынталандыру үшін қала бойынша 1000-нан астам іс-шараға біріктіреді. Қатысушылар өнеркәсіптен, академиядан, филантропиядан, коммерциялық емес ұйымдардан, үкіметтен, қаржыдан және…

MIT News — AI