Қазақстаннан Horizon Europe бағдарламасына өтінім саны 15-тен 200-ге жуықтады
Астанада қазақстандық ұйымдардың Horizon Europe бағдарламасына қатысу аясын кеңейту мәселесі талқыланды. Кездесуге университеттер, ғылыми ұйымдар, бизнес және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Tech-news. Тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақ үшін өзара…
- 01.Астанада қазақстандық ұйымдардың Horizon Europe бағдарламасына қатысу аясын кеңейту мәселесі талқыланды
- 02.Кездесуге университеттер, ғылыми ұйымдар, бизнес және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Tech-news
- 03.Тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақ үшін өзара…

Астанада қазақстандық ұйымдардың Horizon Europe бағдарламасына қатысу аясын кеңейту мәселесі талқыланды. Кездесуге университеттер, ғылыми ұйымдар, бизнес және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Tech-news. Тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақ үшін өзара қызығушылық тудыратын бағыттарды қарастырды. Олардың қатарында аса маңызды шикізат материалдары, жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және басқа да технологиялық салалар бар. Horizon Europe бағдарламасының Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі Әлия Сембаеваның айтуынша, соңғы жылдары қазақстандық ұйымдардың бағдарламаға қызығушылығы айтарлықтай өскен. «2023 жылы Қазақстаннан небәрі 15 өтінім түскен еді. Қазір қазақстандық ұйымдар 200-ге жуық өтінім берді. Шамамен 2 млн еуро қаржы тартылды. Өтінімдерді бағалайтын сарапшыларымыздың саны да беске дейін артты», – деді Әлия Сембаева. Қазір Horizon Europe аясында Қазақстанның 50-ге жуық жобасы жүзеге асырылып жатыр немесе аяқталған. Қазақстандық ұйымдар бағдарламаға өз жобаларын ұсынып қана қоймай, іске асырылып жатқан халықаралық жобаларға да қосыла алады. Соның бір мысалы – Назарбаев Университетінің сирек жер металдары саласындағы жобаға қатысуы. Университет Нидерландтан келген докторанттың зерттеу жүргізуіне алаң ұсынып, бірлескен ғылыми жарияланымдар дайындауға қатысып жатыр. «Horizon Europe іс жүзінде барлық бағыт бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мұнда іргелі ғылымнан бастап инновациялық жобалар мен стартаптарды қолдауға дейінгі қаржыландыру құралдары бар. Қазақстандық ұйымдардың сирек жер металдары жобаларымен ғана шектелмей, ауыл шаруашылығы, жасанды интеллект, денсаулық сақтау, ғарыш және басқа салаларда да ұсынылғаны маңызды», – деді ұлттық үйлестіруші. Қазақстан енді жекелеген жобаларға қатысудан жүйелі ынтымақтастыққа көшуді көздеп отыр. Осы мақсатта ел Horizon Europe бағдарламасының қауымдастырылған елі мәртебесін алу үшін ресми өтінім берген. Мұндай мәртебе қазақстандық университеттерге, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен компанияларға бағдарламаға кеңірек шарттармен қатысуға және халықаралық консорциумдарға белсенді қосылуға мүмкіндік береді. «Жүйелі жұмыс істеу үшін біз осы бағдарламаның толыққанды серіктесі болуымыз керек. Маусым айында Қазақстанның Horizon Europe бағдарламасына қауымдастырылуы бойынша Еуропалық комиссиямен диалог басталды. Ендігі міндет – қазақстандық ұйымдардың Еуропадағы ірі ғылыми-зерттеу және инновациялық консорциумдарға жүйелі түрде қатысуына көшу», – деді Әлия Сембаева. Қазақстан Horizon Europe бағдарламасына қауымдастырылу туралы ресми өтінімді 2026 жылдың маусымында жолдаған. Қазір Еуропалық комиссиямен рәсімдік, құқықтық және қаржылық мәселелер бойынша алдын ала консультациялар жалғасып жатыр. Horizon Europe бағдарламасы 2021–2027 жылдарға арналған және халықаралық ғылыми жобаларды, технологиялар мен инновацияларды қолдауға бағытталған. Бағдарламаның жалпы бюджеті 93,5 млрд еуроны құрайды. Астанадағы кездесу инновациялық саясат жөніндегі еуропалық TAIEX сарапшылары миссиясы аясында өтіп жатыр. 5–9 қазан аралығында мамандар Қазақстандағы ғылымды, инновацияларды және коммерцияландыруды қолдау жүйесін бағалап, оны одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Сообщение Қазақстаннан Horizon Europe бағдарламасына өтінім саны 15-тен 200-ге жуықтады появились сначала на Tech news.
Байланысты материалдар
Барлығы →Неліктен Anthropic компаниясының IPO проспектісінде көптеген негізгі сандар жоқ?
Anthropic компаниясының S-1 файлы жүздеген беттерді құрайды және ол бірнеше қаржылық мәліметтерді қалдырады. WIRED-ке бір сарапшы: «Anthropic инвесторларға көбірек ақпарат беруге міндетті» дейді.
Edge AI қолданбаларын шешу үшін OnLogic сатып алу үшін OMRON
OnLogic өзінің Вермонт штатындағы штаб-пәтерін, сондай-ақ жаһандық кеңселерін OMRON бөлігі ретінде сақтайды. Дереккөз: OnLogic Өндірушілер деректер мен AI-ны шетте көбірек пайдаланатындықтан, оларға нақты уақыттағы автоматтандыру және басқарумен қатар жұмыс істейтін сенімді есептеулер қажет. OMRON корпорациясы осы айда…
2026 жылғы Нью-Йорк климаттық апталығында MIT жаһандық желіге қосылады
Жыл сайын NYC Climate Week 100 000-нан астам адамды климаттық қиындықтарды талқылау, шешімдерді зерттеу және әрекетті ынталандыру үшін қала бойынша 1000-нан астам іс-шараға біріктіреді. Қатысушылар өнеркәсіптен, академиядан, филантропиядан, коммерциялық емес ұйымдардан, үкіметтен, қаржыдан және…