Қазақстандық студенттер жүрек ауруларын ерте анықтайтын AI платформа жасап шығарды
Платформа 33 мың ЭКГ дерегімен оқытылған
- 01.Платформа 33 мың ЭКГ дерегімен оқытылған
AI-SANA көрмесінде Astana IT University студенттері электрокардиограмманы (ЭКГ) жасанды интеллект арқылы талдап, жүрек патологиясын ерте анықтайтын CardioScan платформасын таныстырды, деп хабарлайды Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап. CardioScan жобасы жасанды интеллект көмегімен жүрек-қан тамырлары жүйесіндегі ықтимал патологияларды анықтауға бағытталған. Платформа портативті ЭКГ құрылғысы мен мобильді қосымшаны біріктіреді. Қосымша жүрек сигналын көрсетіп, оған алдын ала талдау жүргізеді және дәрігердің қарауына арналған есеп қалыптастырады. Сонымен қатар жүйе бұрын түсірілген ЭКГ-ның фотосуретін жүктеп, оны талдауға мүмкіндік береді. «Біз жүрек патологияларын анықтауға арналған жүйе әзірледік. Құрылғымыз арқылы адамның ЭКГ-сын түсіріп, алынған деректерді жасанды интеллект моделіне жібереміз. Модель 33 мың сурет пен ЭКГ деректері негізінде оқытылған. Ол алынған ақпаратты талдап, жүрек ауруларының ықтимал белгілерін, соның ішінде аурудың ерте кезеңдеріндегі өзгерістерді анықтауға көмектеседі», – деді жобаны әзірлеуші, Astana IT University-дің бірінші курс студенті Артем Пинигин. Әзірлеушінің айтуынша, жобаға Солтүстік Қазақстан кардиоорталығы қолдау көрсеткен. Қазіргі уақытта команда CardioScan жобасын Astana IT University базасында дамытып жатыр. Университет жобаны одан әрі жетілдіру үшін қажетті инфрақұрылыммен, жұмыс орнымен және материалдармен қамтамасыз етеді. Жұмыстың келесі кезеңінде клиникалармен ынтымақтастықты кеңейтіп, модельді жетілдіруге қажетті қосымша деректер жинау жоспарланып отыр. Бұл анықталатын патологиялар аясын кеңейтіп, талдау дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді.
Байланысты материалдар
Барлығы →FairStress: тест на демографическую справедливость моделей
📌 FairStress: тест на демографическую справедливость моделей Институт Аллена опубликовал набор FairStress для проверки того, меняет ли языковая модель своё решение о человеке из-за его расы, пола, религии, возраста, инвалидности или ориентации в сферах найма, кредитования,…
Біздің ең жаңа AI квесті: адам миын картаға түсіру
Google компаниясының неврология бойынша соңғы AI Quests сабағы «Полярлық шыңдар» арқылы AI сауаттылығын үйреніңіз.
NVIDIA Mission Control 2.5 Kubernetes жүйесінде желіден тыс қалпына келтіруді жақсартады
NVIDIA Mission Control 2.5 Kubernetes үшін желіден тыс қалпына келтіруді ұсынады.