Саясат және реттеу🇰🇿 Казахстан2026 ж. 5 қазан

Президент Sinovation Ventures және 01.ai компанияларының бас директоры Ли Кай-Фуды қабылдады

Ли Кай-Фу шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу жобаларының негізгі параметрлері жөнінде мәлімдеді.

PROFIT·Profit.kz — ИТ в Казахстане
Түпнұсқа
Негізгі тұжырымдар
  • 01.Ли Кай-Фу шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу жобаларының негізгі параметрлері жөнінде мәлімдеді.
Президент Sinovation Ventures және 01.ai компанияларының бас директоры Ли Кай-Фуды қабылдады

Ли Кай-Фу шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу жобаларының негізгі параметрлері жөнінде мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Кай-Фу сарапшы ретінде Қазақстанның жасанды интеллект пен цифрлық трансформацияны дамыту бағытындағы ұстанымдарын қалыптастыруға зор үлес қосқанын атап өтті. Мемлекет басшысы Үкімет Ли Кай-Фудың ұсынымдарына және озық халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу жобасын іске асыруға кіріскенін айтты. Ли Кай-Фу шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу жобаларының негізгі параметрлері жөнінде мәлімдеді. Пилоттық жоба бірінші кезеңде биыл қыркүйектен бастап, 10 мектепте жүзеге асырылады. 2027 жылдың қаңтарынан бастап оны 60 мектепке, ал сәуірде 500 мектепке енгізу жоспарланып отыр. Президент жобаны іске асыруда оның ауқымын кеңейту және білім сапасын арттыратын нақты нәтижеге қол жеткізу маңызды екеніне тоқталды. Жасанды интеллектінің игілігін қаланың да, ауылдың да тұрғындары теңдей көруі қажет екеніне баса мән берілді. Бұл ретте Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні кәсіпкерлікті дамытудың бір тетігі ретінде пайдалану перспективасына назар аударды. Кездесуде Мемлекет басшысына жасанды интеллект және цифрлық трансформация саласындағы бірқатар бастама таныстырылды.

Материал авторға сілтеме жасай отырып, ұлттық инфопоток аясында агрегацияланған.

Байланысты материалдар

Барлығы →
Зерттеулер1 мин

FairStress: тест на демографическую справедливость моделей

📌 FairStress: тест на демографическую справедливость моделей Институт Аллена опубликовал набор FairStress для проверки того, меняет ли языковая модель своё решение о человеке из-за его расы, пола, религии, возраста, инвалидности или ориентации в сферах найма, кредитования,…

Telegram — AI Machine Learning Big Data
Білім1 мин

Дайджест ИИ-новостей за 26 октября 2026

Сегодня мир ИИ продолжает удивлять новыми достижениями и инновациями, расширяя границы привычных областей применения. Испаноязычный радиоведущий на основе ИИ стремится поддержать иммигрантов, а Meta и

SMNTCN (Semanticon) — глобальные новости ИИ