Зерттеулер🇰🇿 Казахстан2026 ж. 6 қараша

OpenAI киберқауіпсіздікке арналған GPT-6 Cyber моделін таныстырды

OpenAI кибершабуылдардың алдын алуға көмектесетін GPT-6 Cyber жасанды интеллект моделін ұсынды. Жаңа жүйе бағдарламалық жасақтамадағы осал тұстарды анықтап, олардың қауіптілік деңгейін бағалайды және әзірлеушілерге ақауларды түзетуге көмектеседі, деп хабарлайды Tech-news.…

Гульнур Какимжанова·Tech-news.kz
Түпнұсқа
Негізгі тұжырымдар
  • 01.OpenAI кибершабуылдардың алдын алуға көмектесетін GPT-6 Cyber жасанды интеллект моделін ұсынды
  • 02.Жаңа жүйе бағдарламалық жасақтамадағы осал тұстарды анықтап, олардың қауіптілік деңгейін бағалайды және әзірлеушілерге ақауларды түзетуге көмектеседі, деп хабарлайды Tech-news.…
OpenAI киберқауіпсіздікке арналған GPT-6 Cyber моделін таныстырды

OpenAI кибершабуылдардың алдын алуға көмектесетін GPT-6 Cyber жасанды интеллект моделін ұсынды. Жаңа жүйе бағдарламалық жасақтамадағы осал тұстарды анықтап, олардың қауіптілік деңгейін бағалайды және әзірлеушілерге ақауларды түзетуге көмектеседі, деп хабарлайды Tech-news. Компанияның мәліметінше, GPT-6 Cyber — киберқауіпсіздік бағытында әзірленген ең қуатты моделі. Ол зерттеушілер белгілеген шектеулер аясында жұмыс істеп, анықталған мәселелер туралы нақты есеп беруге бейімделген. OpenAI мамандары жаңа модельді нақты бағдарламалық өнімдерде сынақтан өткізген. Зерттеу барысында GPT-6 Cyber Firefox браузерінен бұрын белгісіз болған қауіптілігі жоғары 81 осалдықты тапқан. Қазір Mozilla анықталған ақауларды түзету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал Linux операциялық жүйесінің ядросын тексеру кезінде модель 1 724 осалдықты қайта жаңғыртып, олардың 948-іне жұмыс істейтін эксплойт жасай алған. Эксплойт — бағдарламалық жүйедегі осалдықты пайдаланып, оған рұқсатсыз әрекет жасауға мүмкіндік беретін код. Бұл көрсеткіш алдыңғы GPT-5.6 Sol моделінің нәтижесінен бес еседен астам жоғары. Салыстырмалы жағдайда оның көмегімен 166 осалдық қана іске асырылған. GPT-6 Cyber ExploitGym сынағында 48,5% нәтиже жинады. Бұл тест жасанды интеллектінің белгілі бір осалдықты пайдаланып, жүйеге шабуыл жасау мүмкіндігін бағалайды. Ал алдыңғы GPT-5.6 Cyber моделінің көрсеткіші 32,1% болған. Жаңа модель өнеркәсіптік жүйелердің қауіпсіздігін тексеруде де қолданылды. Өнеркәсіптік инфрақұрылымды қорғаумен айналысатын Dragos компаниясы оны электр станциясының жұмысын имитациялайтын зертханалық ортада сынаған. Нәтижесінде GPT-6 Cyber релелік қорғаныс жүйелеріндегі деректерді басқаруға арналған инженерлік бағдарламалық жасақтамадан бұрын анықталмаған екі осалдықты тапты. Қазіргі уақытта GPT-6 Cyber моделін Mozilla, Palo Alto Networks, Cisco және Calif компанияларының киберқауіпсіздік мамандары пайдаланып жатыр. OpenAI жаңа жүйеге әзірге шектеулі қолжетімділік ашқан. Модель API және Codex арқылы компанияның Daybreak Red сенімді қолжетімділік бағдарламасына мақұлданған мамандарға ұсынылады. Алдағы апталарда OpenAI GPT-6 Cyber моделін осы бағдарламаға қатысушылардың барлығына кезең-кезеңімен қолжетімді етуді жоспарлап отыр. Жаңа модельдің пайда болуы киберқауіпсіздіктегі жасанды интеллектінің рөлін кеңейте түседі. Енді AI тек шабуылдарды анықтауға ғана емес, бағдарламалық жүйелердегі әлсіз тұстарды алдын ала тауып, оларды түзетуге де көмектесе алады. Сообщение OpenAI киберқауіпсіздікке арналған GPT-6 Cyber моделін таныстырды появились сначала на Tech news.

Материал авторға сілтеме жасай отырып, ұлттық инфопоток аясында агрегацияланған.

Байланысты материалдар

Барлығы →
Зерттеулер1 мин

METR Anthropic өзінің AI жеделдету туралы ескерту шегінен шілдеде өткен болуы мүмкін деп тапты

Коммерциялық емес METR он бір апта бойы Anthropic компаниясының ішкі зерттеу деректерін тексеріп, модельдің даму қарқыны шамамен екі есе өсті деген қорытындыға келді, бұл жылдамдықтың шамамен 80 пайызы AI көмегімен зерттеулерге негізделген. Anthropic ең ақпараттық дәлелдерді өңдеді, дегенмен ...

The Decoder
Стартаптар1 мин

Thinking Machines' Inkling 2 Small батыстың ашық салмақты үлгілері арасында бірінші орынды иеленеді

Thinking Machines, бұрынғы OpenAI CTO Мира Муратидің стартапы 594 миллиард параметрі бар сарапшылар қоспасы бар Inkling 2 Small моделін шығарады. Компания бұл ең күшті батыстық ашық салмақ үлгісі деп мәлімдейді. Жақсырақ агенттік өнімділік бағасы бар, дегенмен…

The Decoder
Стартаптар1 мин

2026 жылғы 6 қарашадағы AI жаңалықтар дайджесті

Күннің басты оқиғасы - агенттер демонстрация болуды тоқтатты және олар төлейтін және қорғауы керек инфрақұрылымға айналады. OpenAI GPT-6 Cyber ​​үлгісін шығарды, ол жай ғана емес көп нәрсені істей алады

SMNTCN (Semanticon) — глобальные новости ИИ