NVIDIA компаниясының негізін қалаушы Дженсен Хуанг Қазақстанға келеді
Ол Астанада өтетін AI Month іс-шарасына арнайы қонақ ретінде қатысады
- 01.Ол Астанада өтетін AI Month іс-шарасына арнайы қонақ ретінде қатысады
NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі бас атқарушы директоры Дженсен Хуанг Қазақстанға алғаш рет Астанада өтетін AI Month шарасының арнайы қонағы ретінде келеді. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Kapital.kz іскерлік ақпарат агенттігі хабарлады. Министрлік мәліметінше, Дженсен Хуанг Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің шақыруымен Қазақстанға келеді. Мәртебелі мейманның сапары Astana Hub-тың қолдауымен өтетін және AI мамандары, әзірлеушілер, стартаптар, зерттеушілер мен технология өнеркәсібі өкілдерінің басын қосатын жасанды интеллект саласындағы іс-шаралар легі – «AI Month» аясында жүзеге аспақ. «Қазіргі таңда елдердің бәсекеге қабілеттілігі тек технологияларды пайдаланумен ғана емес, өз шешімдерін жасап, әлемдік деңгейдегі мамандарды даярлау қабілетімен өлшенеді. Біз Қазақстанды Орталық Еуразиядағы AI-таланттардың тартылыс орталығына — озық идеялар сараптамалық қолдау тауып, мықты серіктестіктер құрылатын және жаһандық нарыққа шығуға жол ашылатын мекенге айналдыруды көздеп отырмыз. Дженсен сынды индустрия көшбасшыларымен пікір алмасу жас әзірлеушілерге ашылып жатқан мүмкіндіктердің ауқымын ұғынуға және технологиялық амбицияларын нақты өнімге айналдыруға зор серпін береді», — деп атап өтті Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев. «AI Month» шарасы 23 қыркүйек күні әлемдегі ең ірі AI-хакатондардың бірі саналатын HackAlem AI байқауымен бастау алады, мұнда қатысушылар өздерінің AI-шешімдерін жасап, тестілеу үшін NVIDIA-ның технологиялық ресурстарын пайдалана алады. Сонымен қатар, «AI Month» бағдарламасыда Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің отырысы жоспарланған. Оған 1 қазан күні NVIDIA вице-президенті Рев Лебаредян қатысады. Ал 2-3 қазан аралығында «AI & Digital Bridge 2026» халықаралық технологиялық форумы және жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға арналған өзге де бірқатар іс-шаралар өтеді. Қазақстанның технологиялық экожүйесі мен жаһандық AI-индустрия арасындағы қарым-қатынас тек «AI Month» бағдарламасымен шектеліп қалмайды. Соның айқын бір мысалы – жасанды интеллект көмегімен видео мен сурет жасауға арналған, құны 5,4 млрд долларға бағаланған Higgsfield платформасы. Astana Hub қатысушысы саналатын бұл компания өз платформасында NVIDIA-ның есептеу инфрақұрылымы мен AI бағдарламалық жасақтамасын қолдана отырып, күн сайын алты миллионнан астам видео мен сурет генерациялайды. Сонымен қатар, Higgsfield Қазақстанмен және Астананың технологиялық қоғамдастығымен тығыз байланыс орнатқан, әрі өңірдегі технологиялық экожүйені қолдау мақсатында Astana Hub-пен белсенді ынтымақтасып келеді. Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Қазақстан ұлттық AI-экожүйені жүйелі түрде дамытып келеді. Бұл ауқымды жұмыс мамандар даярлау мен технологиялық кәсіпкерлікті қолдаудан бастап, AI-шешімдерді әзірлеп, өндіріске енгізуге қажетті инфрақұрылым жасауға дейінгі бағыттарды толық қамтиды. Ал «AI Month» шарасы жасанды интеллектінің келешегін және Орталық Еуразияның технологиялық бағыт-бағдарын айқындаудағы Қазақстанның рөлін талқылайтын халықаралық диалогтың басты алаңдарының біріне айналмақ.
Байланысты материалдар
Барлығы →OpenAI үш үлкен ғылым жаңалықтарын және академиктермен жұмыс істеудің жаңа әдісін жариялайды
Жүздеген қолжазбаларды жаппай шығарғаннан кейін бір айдан аз уақыт өткен соң, оның айтуынша, бұрыннан келе жатқан математика сұрақтарының шешімдері бар, OpenAI математика, информатика және физика бойынша тағы үш «ірі» жаңалықпен оралды. Бұл жолғы ерекшелік – таңдау…
AI дизайн агентімен мазмұн жасауды қалай автоматтандыруға болады (толық оқулық)
Мен бұл жазбалардың ешқайсысын құрастырған жоқпын, бірақ олардың барлығы менің AI брендімнің стилінде. Арнаны басқаратын болсаңыз, сізге күнделікті жаңалықтарыңыз үшін бұл көрнекіліктер қажет. Мен бір тапсырманы орнаттым және агент мұның барлығын өзі жасады. Міне, сіз жасай алатын барлық орнатулар...
IPO үшін антропикалық файлдар
Орналастыру көлемі мен акцияның бағасы әлі жарияланған жоқ