Northeastern University-мен ынтымақтастық перспективалары талқыланды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Astana IT University-де Northeastern University Президентінің аға кеңесшісі Усама Файядпен кездесті.
- 01.ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Astana IT University-де Northeastern University Президентінің аға кеңесшісі Усама Файядпен кездесті.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Astana IT University-де Northeastern University Президентінің аға кеңесшісі Усама Файядпен кездесті. Кездесу барысында тараптар жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, халықаралық академиялық байланыстарды дамыту, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру перспективаларын талқылады. Northeastern University-дің Қазақстанның білім беру және ғылыми-зерттеу экожүйесін дамытуға қатысу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Саясат Нұрбек Қазақстанның өңірлік білім беру орталығы ретіндегі орнын нығайтып, жетекші шетелдік университеттерді тарту үшін қолайлы жағдайлар жасап келе жатқанын атап өтті. Бүгінде елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары мен кампустарын ашудан бастап, қазақстандық университеттер базасында бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыруға дейінгі халықаралық серіктестіктің түрлі үлгілері дамып келеді. Кездесуде жасанды интеллектіні дамыту және осы бағытта мамандар даярлау мәселесіне де ерекше мән берілді. Министр Қазақстанның жасанды интеллектіні жоғары білім беру жүйесіне енгізуге бағытталған негізгі бастамаларын таныстырды. Соның ішінде студенттердің жасанды интеллект саласындағы базалық және тереңдетілген құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған AI-Sana бағдарламасы атап өтілді. Сонымен қатар профессор-оқытушылар құрамының цифрлық құзыреттерін арттыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Қазақстан білім беру үдерісінде, ғылыми зерттеулерде және басқару ісінде жасанды интеллектіні қолдану дағдыларын дамыту мақсатында OpenAI, Coursera және NVIDIA секілді халықаралық технологиялық компаниялармен және білім беру платформаларымен ынтымақтастықты кеңейтіп келеді. Кездесу барысында Қазақстанның зерттеу университеттерін дамыту және халықаралық сараптаманы тарту стратегиясы да таныстырылды. Негізгі міндеттердің бірі — ғылыми зерттеулерді, технологиялар трансферін дамыту және жаңа буын кадрларын даярлау үшін қазақстандық жоғары оқу орындарының әлеуетін жетекші шетелдік университеттердің тәжірибесімен ұштастыру. Тараптар өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға және білім беру бағдарламалары, ғылыми-зерттеу жобалары мен академиялық ұтқырлықты қоса алғанда ынтымақтастықтың жаңа бағыттары мен форматтарын қарастыруға мүдделі екенін білдірді.
Байланысты материалдар
Барлығы →Anthropic AI өсуін қамтамасыз ету үшін газды пайдаланады
Орталықтардың табиғи газға тәуелділігі және соған байланысты тәуекелдер туралы антропикалық есептер.
Amp AI агенттерін OpenAI үлгілерімен кодтан тыс жұмыс істеуге мүмкіндік береді
Amp әзірлеушілерге идеяларды жұмыс істейтін бағдарламалық жасақтамаға айналдыруға көмектесетін AI агентін құруда. ChatGPT арқылы жүйеге кіру Amp пайдаланушыларына үлкен тапсырмалар үшін қосымша белгілерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, ал Amp-тің сөйлесу көмекшісі Пак…
Агенттерге арналған Stack Overflow ChatGPT плагинімен тіркелуді үш есе арттырады
Stack Overflow жұмыс орнындағы құралдар бойынша шашыраңқы ақпаратты адамдар мен AI агенттері үшін расталған білімге айналдыратын білім туралы интеллект платформасын құруда. Компанияның соңғы өнімі, агенттерге арналған Stack Overflow, екі инженер бір-ақ уақыт ішінде басынан бастап құрастырған ...