Саясат және реттеу🇰🇿 Казахстан2026 ж. 27 қазан

Kraken Қазақстан нарығына шығуға дайындалып жатыр

Қазақстан үкіметі мен халықаралық криптоплатформа Kraken цифрлық активтер нарығын дамыту жөнінде меморандумға қол қойды. Сонымен қатар компания «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтерді реттеу комитетінен (AFSA) Қазақстанда жұмыс істеуге алдын ала мақұлдау…

Гульнур Какимжанова·Tech-news.kz
Түпнұсқа
Негізгі тұжырымдар
  • 01.Қазақстан үкіметі мен халықаралық криптоплатформа Kraken цифрлық активтер нарығын дамыту жөнінде меморандумға қол қойды
  • 02.Сонымен қатар компания «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтерді реттеу комитетінен (AFSA) Қазақстанда жұмыс істеуге алдын ала мақұлдау…
Kraken Қазақстан нарығына шығуға дайындалып жатыр

Қазақстан үкіметі мен халықаралық криптоплатформа Kraken цифрлық активтер нарығын дамыту жөнінде меморандумға қол қойды. Сонымен қатар компания «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтерді реттеу комитетінен (AFSA) Қазақстанда жұмыс істеуге алдын ала мақұлдау алды, деп хабарлайды Tech-news. Келісімге AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы аясында қол жеткізілді. Кездесуге Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Kraken платформасының тең бас атқарушы директоры Дэвид Рипли қатысты. Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Kraken цифрлық қаржы нарығын дамыту, блокчейн технологияларын енгізу және цифрлық активтерге қатысты реттеу тәсілдерін жетілдіру мәселелерінде бірлесіп жұмыс істемек. Тараптар дәстүрлі банк жүйесін цифрлық активтер нарығымен байланыстыруға, білім беру жобаларын іске асыруға және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға да назар аудармақ. Қазақстан үшін халықаралық тәжірибені пайдалану және елдің өңірлік криптохаб ретіндегі әлеуетін күшейту де маңызды бағыттардың бірі саналады. Осы ретте «Астана» халықаралық қаржы орталығымен (АХҚО) ынтымақтастыққа басымдық берілмек. AFSA-ның алдын ала мақұлдауы — компанияны лицензиялау үдерісіндегі маңызды кезең. Дегенмен бұл толық лицензия берілді дегенді білдірмейді. Kraken белгіленген талаптарды орындағаннан кейін ғана АХҚО-ның реттелетін юрисдикциясында қызметін бастауға мүмкіндік алады. Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ғиззат Байтурсыновтың айтуынша, Kraken сияқты ірі халықаралық ойыншылардың келуі отандық цифрлық активтер индустриясын дамытуға ықпал етіп, заманауи қаржылық қызметтерге қолжетімділікті кеңейтуі мүмкін. Ал Kraken-ді басқаратын Payward компаниясының тең бас атқарушы директоры Дэвид Рипли Қазақстан нарығына шығуды компания үшін маңызды кезең деп атады. Оның сөзінше, компания мемлекеттік органдармен бірлесіп, цифрлық активтерге арналған қауіпсіз әрі ашық экожүйені дамытуға мүдделі. Kraken — 2011 жылы АҚШ-та құрылған халықаралық криптоплатформа. Ол жеке және институционалдық клиенттерге криптовалюталарды сатып алу, сату, сақтау және саудалау қызметтерін ұсынады. Платформаны Payward компаниялар тобы басқарады. Kraken Солтүстік Америка мен Еуропаны қоса алғанда, бірнеше өңірде жұмыс істейді және цифрлық активтермен қатар фиаттық валюталарды да қолдайды. Қазақстанмен жасалған келісім халықаралық криптоплатформалардың жергілікті нарыққа қызығушылығын көрсетеді. Алайда Kraken-нің Қазақстандағы қызметі толыққанды лицензия алу және реттеуші талаптарды орындау барысына байланысты болады. Сообщение Kraken Қазақстан нарығына шығуға дайындалып жатыр появились сначала на Tech news.

Материал авторға сілтеме жасай отырып, ұлттық инфопоток аясында агрегацияланған.

Байланысты материалдар

Барлығы →
Саясат және реттеу1 мин

Халықаралық криптоплатформасы Kraken Қазақстанның цифровый активтер нарығына кірді

AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумының шеңберінде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов мен халықаралық криптоплатформасы Kraken-нің бірлескен генераль директоры Дэвид Рипли кездесті. Келісім-шарттар кезінде тараптар цифровый нарықты дамыту перспективаларын талқылады…

Министерство ИИ и цифрового развития РК (gov.kz)
Саясат және реттеу1 мин

Қазақстан Үкіметі 2026–2029 жылдарға арналған Бұсақтандырылған жетістіктер жүйесі дамуының кешенді жоспарын бекітті: «бір терезе» принцип бойынша суверенді өндіріс, экспорт және цифрландыруға фокус

2026 жылғы 13 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 898 қаулысымен 2026–2029 жылдарға арналған Бұсақтандырылған жетістіктер жүйесі дамуының кешенді жоспары бекітілді. Хұжат біріктірілген заңдық негізді қалыптастырады, цифрлық және физикалық инфрақұрылымды орнатады, сондай-ақ ықпал етеді…

Министерство ИИ и цифрового развития РК (gov.kz)
Саясат және реттеу1 мин

Тимур Тұрлының Freedom-ы NVIDIA, Citi, China Mobile және AWS-пен ынтымақтастыққа тартылды

Қазақстанда 2026 жыл «Сандықтандыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияланды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған тиісті Указ қаңтарда қабылданды. Бұл жасанды интеллектті (AI) барлық негізгі салаларға белсенді енгізуді білдіреді. Оның ішінде…

Bluescreen.kz