Жаһандық инвестор General Atlantic Қазақстандағы IT жобалары мен деректер орталықтарына қызығушылық танытып отыр
Қасым-Жомарт Тоқаев General Atlantic компаниясының төрағасы және бас атқарушы директоры Уильям Фордты қабылдады.
- 01.Қасым-Жомарт Тоқаев General Atlantic компаниясының төрағасы және бас атқарушы директоры Уильям Фордты қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев General Atlantic компаниясының төрағасы және бас атқарушы директоры Уильям Фордты қабылдады. Әңгімелесу барысында инвестициялық ынтымақтастықтың келешегі, Қазақстандағы технологиялық сектор мен жасанды интеллект экожүйесін дамыту мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект пен цифрлық трансформация ел дамуының негізгі басымдықтары қатарында екенін атап өтті. Осы орайда жаңа жобаларды жүзеге асыруға әлемнің жетекші инвесторлары мен технологиялық компанияларын тартудың маңыздылығы атап өтілді. Президент Astana Hub, Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы мен Qazaq AI зерттеу университетін біріктіретін Қазақстанда технологиялық экожүйені қалыптастыру туралы айтты. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл экожүйені дамыту әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті технологиялық компаниялардың, соның ішінде Хиггсфилд AI-дың пайда болуына ықпал етеді. Өз кезегінде Уильям Форд Қасым-Жомарт Тоқаевты General Atlantic компаниясының финтех, электронды коммерция, бағдарламалық қамтамасыз ету және жасанды интеллект, сондай-ақ энергетика және цифрлық инфрақұрылым салаларындағы қарқынды дамып келе жатқан компанияларға инвестициялық мүмкіндіктері туралы хабардар етті. Әңгімелесушілер Екібастұзда жасанды интеллект, бұлтты есептеулер және цифрлық сервистер үшін үлкен инфрақұрылымдық платформа құруға бағытталған «Дата орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыруға ерекше назар аударды. Қазіргі уақытта General Atlantic осы жобаға қатысуға ерекше қызығушылық танытып отыр.
Байланысты материалдар
Барлығы →Bedrock Robotics жалпы қаржыландыру көлемі 1 миллиард долларға жуықтады, өйткені автономды ауыр техникаға сұраныс артады
Bedrock Robotics құрылыс алаңының экономикасын жақсарту үшін үлкен экскаваторларды автоматтандырады. | Несие: Bedrock Robotics Сан-Францискода орналасқан Bedrock Robotics компаниясы CapitalG және Emergence Capital бірлесіп басқаратын C сериясын қаржыландыруға 4,1 миллиард долларға 600 миллион доллар жинады. Айналым…
SpaceX 40 миллиард долларлық AI аппараттық келісімін жасайды
SpaceX AI жабдықтарын қаржыландыру үшін 40 миллиард долларлық келісімге қол жеткізді.
NVIDIA Minerva AI зауыттарында GPU өнімділігін оңтайландырады
NVIDIA Minerva AI зауыттарында GPU өнімділігін оңтайландырып, операциялық олқылықтарды жояды.