Стартаптар🇰🇿 Казахстан2026 ж. 8 қазан

DeepSeek IPO алдында шамамен $12 млрд инвестиция тартпақ

Қытайлық жасанды интеллект әзірлеушісі DeepSeek қазіргі инвестициялық раундта кемінде 80 млрд юань, яғни $11,93 млрд тартуға жақын. Компания 2027 жылдың басында Қытай қор нарығында IPO өткізуді жоспарлап отыр. DeepSeek-тің қазіргі инвестициялық раундта тартатын қаржысы стартап…

Гульнур Какимжанова·Tech-news.kz
Түпнұсқа
Негізгі тұжырымдар
  • 01.Қытайлық жасанды интеллект әзірлеушісі DeepSeek қазіргі инвестициялық раундта кемінде 80 млрд юань, яғни $11,93 млрд тартуға жақын
  • 02.Компания 2027 жылдың басында Қытай қор нарығында IPO өткізуді жоспарлап отыр
  • 03.DeepSeek-тің қазіргі инвестициялық раундта тартатын қаржысы стартап…
DeepSeek IPO алдында шамамен $12 млрд инвестиция тартпақ

Қытайлық жасанды интеллект әзірлеушісі DeepSeek қазіргі инвестициялық раундта кемінде 80 млрд юань, яғни $11,93 млрд тартуға жақын. Компания 2027 жылдың басында Қытай қор нарығында IPO өткізуді жоспарлап отыр. DeepSeek-тің қазіргі инвестициялық раундта тартатын қаржысы стартап бастапқыда жоспарлаған көлемнен едәуір асып түсуі мүмкін. Алғашында компания шамамен 50 млрд юань тартуды көздеген. Алайда жаңа жасанды интеллект моделі сәтті іске қосылғаннан кейін инвесторлар тарапынан сұраныс күрт өскен. Нәтижесінде қаржыландыру раундының жалпы көлемі 100 млрд юаньға жуықтауы мүмкін. Қазір раунд аяқталуға жақын. Ірі инвесторлардың қатарында аккумулятор өндіруші Contemporary Amperex Technology және Tencent Holdings технологиялық компаниясы бар. DeepSeek тартылған қаржыдан кейін 2027 жылдың басында Қытай қор нарығында акцияларын бастапқы жария орналастыруға дайындалып жатыр. Өткен айда компания DeepSeek-V4.1-Flash атты жаңа жасанды интеллект моделін таныстырған еді. Әзірлеушілердің мәліметінше, модельдің өнімділігі мен жауап беру жылдамдығы артқан, өткізу қабілеті жоғарылаған және оны ірі модельдерге дейін масштабтауға болады. Сообщение DeepSeek IPO алдында шамамен $12 млрд инвестиция тартпақ появились сначала на Tech news.

Материал авторға сілтеме жасай отырып, ұлттық инфопоток аясында агрегацияланған.

Байланысты материалдар

Барлығы →
Зерттеулер1 мин

OpenAI және Anthropic AI көмегімен ақылы бағдарламалардың тегін аналогтарын құруды шектей бастады

🚫 OpenAI және Anthropic AI көмегімен ақылы бағдарламалардың тегін аналогтарын жасауды шектей бастады Пайдаланушылар Клод пен Codex кері инженерияның кейбір тапсырмаларын орындаудан - басқа біреудің бағдарламалық жасақтамасын зерттеуден бас тарта бастағанын байқады ...

Telegram — GPT Time | Нейросети | ИИ
Стартаптар1 мин

Уолл-стриттің ең жылдам трейдерлері AI саласында алда болу үшін деректер орталықтарын құруда және чип стартаптарын қолдауда

Jane Street және Hudson River Trading сияқты жоғары жиілікті трейдерлер қазір AI есептеу қуаты үшін бір-бірімен жарысуда. Уолл-стриттің ең жылдам трейдерлері AI саласында алда болу үшін деректер орталықтарын құрып, чипті стартаптарға қолдау көрсетеді деген мақала The Decoder сайтында бірінші рет пайда болды.

The Decoder