Chery 2026 саммитінде ұшатын такси, ақылды көліктер мен робот таныстырылды
Қытайдың Уху қаласында өткен Chery International User Summit 2026 халықаралық саммитіне әлемнің 130-ға жуық елінен 3000-нан астам адам жиналды, деп хабарлайды Tech-news. Іс-шарада ұшатын такси, автономды тұрақ жүйесі бар OMODA JAECOO көліктері, жасанды интеллект негізіндегі…
- 01.Қытайдың Уху қаласында өткен Chery International User Summit 2026 халықаралық саммитіне әлемнің 130-ға жуық елінен 3000-нан астам адам жиналды, деп хабарлайды Tech-news
- 02.Іс-шарада ұшатын такси, автономды тұрақ жүйесі бар OMODA JAECOO көліктері, жасанды интеллект негізіндегі…

Қытайдың Уху қаласында өткен Chery International User Summit 2026 халықаралық саммитіне әлемнің 130-ға жуық елінен 3000-нан астам адам жиналды, деп хабарлайды Tech-news. Іс-шарада ұшатын такси, автономды тұрақ жүйесі бар OMODA JAECOO көліктері, жасанды интеллект негізіндегі робот және жаңа буындағы OMODA X кроссовері таныстырылды. Қазақстандық делегация да саммитке қатысып, гибрид көліктер арасындағы отын үнемдеу жарысында екінші орын алды. Саммиттің ашылуында Chery Automobile Co. компаниясының президенті Инь Тунъюэ автоконцерннің даму бағытына тоқталды. Оның айтуынша, Chery сырттай автомобиль өндіруші болып көрінгенімен, шын мәнінде жоғары технологиялық инновациялық компания ретінде дамып келеді. Компания басшысы жасанды интеллектінің өндіріс пен бизнеске ықпалы артып келе жатқанын да атап өтті. Оның пікірінше, AI жұмыс тиімділігін арттырғанымен, адамның жауапкершілігін, шешім қабылдау қабілетін және адами қарым-қатынасты алмастыра алмайды. Ал жаңа технологияларды өз қызметіне енгізбеген компаниялар болашақта бәсекеге қабілеттілігін жоғалтуы мүмкін. Бұл ұстаным Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Digital Bridge форумында айтқан технологияларды адамзат игілігіне пайдалану туралы пікірлерімен үндеседі. Іс-шараның негізгі бөлімдерінің бірі интеллектуалды көлік жүйелеріне арналды. Қатысушылар ұшатын такси жобасымен және OMODA JAECOO автомобильдеріндегі жаңа технологиялармен танысты. Олардың қатарында жүргізушінің қатысуынсыз тұраққа қоя алатын жүйе мен интеллектуалды кокпит бар. Соңғысы көліктің негізгі функцияларын бір орталықтан басқаруға мүмкіндік береді. Робототехника мен жасанды интеллект әзірлемелеріне де жеке күн арналды. AiMOGA таныстырылымында MoBo атты робот-компаньон көрсетілді. Ол балалы отбасыларға және егде жастағы адамдарға күнделікті тұрмыста көмектесуге арналған. 2027 жылы Chery компаниясының құрылғанына 30 жыл толады. Қазір оның портфелінде 17 автомобиль бренді бар. Ал OMODA және JAECOO брендтері нарыққа үш жыл бұрын шығып, бастапқыда халықаралық экспортқа бағытталған. Бүгінде бұл екі брендтің жылдық сатылымы 800 мың автомобильге жеткен. Оның 48%-ы Еуропа нарығына тиесілі. Негізгі бағыттардың қатарында Ұлыбритания, Италия және Испания бар. 2026 жылы OMODA JAECOO брендтері Қазақстанда Astana Motors портфеліне қосылды. Автомобильдер Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында құрастырылады. Үш модельдің сатылымы қазан айында басталды. Саммиттегі маңызды таныстырылымдардың бірі – жаңа буындағы OMODA X кроссоверінің прототипі. Компания бұл модельді 2028 жылы Қазақстанда жергілікті өндіріске енгізуді жоспарлап отыр. Саммит аясында Уху – Ханчжоу – Уху бағыты бойынша автомобильдер шеруі ұйымдастырылды. Қатысушылар көліктердің жолдағы мүмкіндіктерін ғана емес, отын тиімділігін де сынады. Қазақстандық экипаж гибридті OMODA 5 SHS-H (HEV) көлігімен жарысқа қатысып, отын үнемдеу көрсеткіші бойынша екінші орын иеленді. Бұл модель Қазақстан нарығына 2026 жылдың қараша айында шығады деп күтілуде. Сообщение Chery 2026 саммитінде ұшатын такси, ақылды көліктер мен робот таныстырылды появились сначала на Tech news.
Байланысты материалдар
Барлығы →Біз ChatGPT Plus және ChatGPT Go қолданбаларына 6 жазылымды береміз
Біз ChatGPT Plus және ChatGPT Go қолданбаларына 6 жазылымды береміз. Біз CG күнделігімен жаңа сыйлықты бастаймыз. CG күнделігі - бұл Сергей Фроловтың AI, компьютерлік графика, VFX және кино туралы авторлық арнасы. Мұнда олар тәжірибелерімен, қызықты жобаларымен және цифрлық шығармашылық әлемінен бақылаулармен бөліседі және...
Неміс BASF Қазақстанда металл өндіруге арналған реагенттер шығара бастады
Неміс BASF Қазақстанда металл өндіруге арналған реагенттер шығара бастады. BASF халықаралық химиялық концерні қазақстандық «Топан» компаниясымен бірлесіп Оралда флотациялық реагенттер өндірісін жолға қойды. Олар тау-кен компанияларына пайдалы…
Энергетика министрлігі отын-энергетика кешеніне арналған «Energy AI Kazakhstan» тұжырымдамасын ұсынды
Тұжырымдаманың негізгі қағидаттарының бірі – Қазақстанның технологиялық және ақпараттық егемендігін қамтамасыз ету.