Астанада дрон-футболдан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды
Елордада Astana FIDA Drone Soccer Open Cup 2026 халықаралық турнирі аяқталды.
- 01.Елордада Astana FIDA Drone Soccer Open Cup 2026 халықаралық турнирі аяқталды.

Елордада Astana FIDA Drone Soccer Open Cup 2026 халықаралық турнирі аяқталды. Екі күнге созылған жарысқа Қазақстанның түрлі өңірлерінен 20-ға жуық команда және Түркиядан келген команда қатысты. Турнир Drone Soccer Class 20 санатында өтті. Қатысушылар дрондарды басқару шеберлігін, жылдамдық пен дәлдікті, командалық үйлесімділік пен тактикалық ойлау қабілетін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша: — I орын — «Surprise» командасы, Астана қаласы; — II орын — «SkyWings» командасы, Ақтөбе қаласы; — III орын — «Qara Steed» командасы, Астана қаласы. Халықаралық турнир жас дрон пилоттарының тәжірибе алмасуына, техникалық дағдыларын жетілдіруіне және дрон-футболды кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді. Дрон-футбол спорттық бәсекені инженерлік-техникалық біліммен ұштастырып, жастардың заманауи технологияларға қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Байланысты материалдар
Барлығы →FairStress: тест на демографическую справедливость моделей
📌 FairStress: тест на демографическую справедливость моделей Институт Аллена опубликовал набор FairStress для проверки того, меняет ли языковая модель своё решение о человеке из-за его расы, пола, религии, возраста, инвалидности или ориентации в сферах найма, кредитования,…
NVIDIA Mission Control 2.5 Kubernetes жүйесінде желіден тыс қалпына келтіруді жақсартады
NVIDIA Mission Control 2.5 Kubernetes үшін желіден тыс қалпына келтіруді ұсынады.
Дайджест ИИ-новостей за 26 октября 2026
Сегодня мир ИИ продолжает удивлять новыми достижениями и инновациями, расширяя границы привычных областей применения. Испаноязычный радиоведущий на основе ИИ стремится поддержать иммигрантов, а Meta и