Жалпы🇰🇿 Казахстан2026 ж. 3 қараша

Андрей Карпати HackerTube жобасын іске қосты: 20 жылдық Hacker News ұсыныстары бір сайтқа жинақталды

Жасанды интеллект маманы Андрей Карпати YouTube алгоритмдеріне балама ретінде HackerTube атты жаңа сервисті таныстырды. Платформада соңғы 20 жылға жуық уақыт ішінде Hacker News форумының қолданушылары бір-біріне ұсынған YouTube видеолары жинақталған. Жобаның негізгі бөлігін,…

Гульнур Какимжанова·Tech-news.kz
Түпнұсқа
Негізгі тұжырымдар
  • 01.Жасанды интеллект маманы Андрей Карпати YouTube алгоритмдеріне балама ретінде HackerTube атты жаңа сервисті таныстырды
  • 02.Платформада соңғы 20 жылға жуық уақыт ішінде Hacker News форумының қолданушылары бір-біріне ұсынған YouTube видеолары жинақталған
  • 03.Жобаның негізгі бөлігін,…
Андрей Карпати HackerTube жобасын іске қосты: 20 жылдық Hacker News ұсыныстары бір сайтқа жинақталды

Жасанды интеллект маманы Андрей Карпати YouTube алгоритмдеріне балама ретінде HackerTube атты жаңа сервисті таныстырды. Платформада соңғы 20 жылға жуық уақыт ішінде Hacker News форумының қолданушылары бір-біріне ұсынған YouTube видеолары жинақталған. Жобаның негізгі бөлігін, соның ішінде деректерді талдау мен сайтты әзірлеуді Claude нейрожелісі орындаған, деп хабарлайды Tech-news. Карпати бұл идеяға YouTube-тың ұсыныстар жүйесіне көңілі толмағандықтан келген. Оның пікірінше, платформа алгоритмдері көрерменнің қызығушылығына қарай видео ұсынғанымен, мұндай тәсіл кейде сапалы әрі мазмұнды материалдарды назардан тыс қалдырады. Сондықтан ол алгоритмдік ұсыныстардың орнына адамдардың өзара бөліскен пікірлері мен кеңестеріне сүйенетін сервис жасауды ұйғарған. Жобаның дереккөзі ретінде бағдарламашылар мен стартап негізін қалаушылар арасында танымал Hacker News форумы алынған. Claude 2007–2026 жылдар аралығындағы шамамен 43 млн пікірді талдап, спамды алып тастаған. Нәтижесінде қолданушылар YouTube-тен көруге кеңес берген 40 мыңға жуық пікір анықталған. Осы деректер негізінде 150 тақырыптық санатқа бөлінген 6454 видео іріктелді. Каталогқа технология, бағдарламалау және басқа да бағыттардағы материалдар енген. Жобада негізгі модель ретінде Claude Opus 5.5 қолданылған. Ал пікірлерді жаппай саралау және тақырыптарға бөлу жұмысын жеңілірек Claude Sonnet моделі атқарған. Карпатидің айтуынша, Claude Code қосымшасында жобаны әзірлеуге шамамен екі сағат кеткен. Карпати қолмен небәрі үш жұмыс атқарған: Google Cloud консолінде YouTube API кілтін жасаған, сервер жалдаған және домен сатып алған. Сайтты іске қосу, қауіпсіздік параметрлерін баптау және кодты оңтайландыру міндеттерін Claude-қа тапсырған. HackerTube-ты пайдалану үшін тіркелудің қажеті жоқ. Қолданушының көру тарихы мен жеке баптаулары браузерде сақталады. Видеоларды тақырыбы, ұзақтығы және жарияланған уақыты бойынша сүзуге болады. Сервистің тағы бір ерекшелігі — видео карточкаларында авторлар арнайы әзірлеген мұқаба суреттерінің орнына роликтің орта тұсынан алынған кадр көрсетіледі. Бұл көрерменге видеоны тек тартымды мұқабасына қарап емес, нақты мазмұнына сүйеніп таңдауға мүмкіндік береді. Сообщение Андрей Карпати HackerTube жобасын іске қосты: 20 жылдық Hacker News ұсыныстары бір сайтқа жинақталды появились сначала на Tech news.

Материал авторға сілтеме жасай отырып, ұлттық инфопоток аясында агрегацияланған.

Байланысты материалдар

Барлығы →
Зерттеулер1 мин

Егер сізде Ultra жазылымы болмаса, Claude Code бес сағаттық пайдалану шегін қалпына келтіруді күте алады және...

Егер сізде Ultra жазылымы болмаса, Клод коды бес сағаттық пайдалану шегін қалпына келтіруді күтіп, тапсырманы жалғастыра алады. Түнде немесе қараусыз жұмыс жасамас бұрын, ортаның айнымалы мәнін орнатыңыз: экспорттау CLAUDE_CODE_RETRY_WATCHDOG=1 Шектеу қалпына келуі мүмкін...

Telegram — Вайб-кодинг
Жалпы1 мин

Прада Рождестволық жарнамада нейрондық желілерден бас тартты және қолдан жасалған анимацияға сүйенді.

🎄 Prada Рождестволық жарнамада нейрондық желілерден бас тартты және қолмен анимацияға сүйенді. Итальяндық сән үйі Drawing Prada: Animated By Hand науқанын ұсынды, онда әр анимациялық кадр суретшілер қолымен салынған. Аңызға айналған...

Telegram — GPT Time | Нейросети | ИИ
Жалпы1 мин

Қараша Альфа-Банк қауіпсіздікті дамыту бойынша сарапшыларды AI AppSec түніне шақырады - холиварлар кеші, Cyb туралы ток-шоу...

17 қарашада Альфа-Банк қауіпсіздікті дамыту бойынша сарапшыларды AI AppSec Night - холиварлар кешіне, CyberSec AI туралы ток-шоуға және өзекті тақырыптарға шақырады. Командалар «Не? Қайда? Қауіпсіздік!» ойыны бойынша жарысады. Жүргізуші – Сергей Николенко, ЧГК бойынша екі дүркін әлем чемпионы, зерттеуші...

Telegram — AI Machine Learning Big Data