Жасанды интеллект пен смартфон датчиктері такси сапарларындағы ықтимал жол-көлік оқиғаларын адам хабарлағанға дейін анықтауға көмектеседі. Қазір осындай цифрлық алгоритмдер Yandex такси қызметіндегі оқиғалардың 24,3%-ын автоматты түрде анықтайды, деп хабарлайды Tech-news. Бұл туралы Үкімет отырысында «Yandex Qazaqstan» бас директоры Тимур Шалекенов мәлімдеді. Жүйе сапардың әр кезеңінде жұмыс істейді. Сапар басталмай тұрып ЖИ жүргізушінің құжаттарын тексеріп, жалған құжаттарды анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар маршруттың күрделілігін бағалап, жүргізушінің тәжірибесін ескереді. Сапар кезінде алгоритмдер көліктің қозғалысын, бағытын және аялдамаларын талдайды. Смартфонның акселерометр сияқты датчиктерінен алынған деректер арқылы жүйе апатқа тән белгілерді байқаса, жолаушы немесе жүргізуші хабарласпай тұрып-ақ қауіпсіздік қызметінің әрекетін бастай алады. Маршруттағы күмәнді ауытқулар мен көліктің әдеттен тыс ұзақ аялдауы да автоматты түрде бақыланады. Бұл ақпарат тәулік бойы жұмыс істейтін 40-тан астам маманы бар қауіпсіздік тобына беріледі. Компанияның дерегінше, Yandex арқылы жасалған сапарлардың 99,9%-ы оқиғасыз өтеді. Ал бір миллион шақырымға шаққандағы ЖКО саны 17%-ға азайған. Цифрлық технологиялар платформалық жұмыспен қамту саласында да қолданылады. Қазір Yandex сервистері арқылы Қазақстанда жүздеген мың адам табыс табады. Бір жыл ішінде платформа арқылы жұмыс істейтіндердің саны шамамен төрт есеге өскен. 2024–2026 жылдары платформадағы қызметкерлер мен серіктестерден түскен салықтар мен әлеуметтік төлемдердің жалпы көлемі шамамен 20 млрд теңгеге жеткен. Компания бұл жүйе табыс табу мүмкіндігін сақтай отырып, платформалық жұмыспен байланысты төлемдердің ашықтығын қамтамасыз ететінін атап өтті. Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены * Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев.
Яндекс ЖИ арқылы ЖКО белгілерін жолаушы хабарласпай тұрып анықтайды
Через Яндекс ЖИ признаки ЖКО распознаются до того, как пассажир к ним обратится.
AI қорытындысы: Басты тезистер
- Через Яндекс ЖИ признаки ЖКО распознаются до того, как пассажир к ним обратится.

Ұқсас материалдар
Мен Клод Кодқа интерфейс мәселесін түсіндіруге тырыстым: қай түйменің қозғалғаны және қалай қозғалғаны туралы үш абзац жаздым...
Мен Клод Кодқа интерфейс мәселесін түсіндіруге тырыстым: қай түймені жылжытқаны және қалай басқаннан кейін қалқымалы терезе бір секундқа жыпылықтай бастағаны туралы үш абзац жаздым. Клод өзгерістер жасады, бірақ нәтиже әлі де ол қалағандай болмады. Scrawl ұсыныстары...
Microsoft 60 000 қызметкерге сатып алуды ұсынады
Microsoft корпорациясы АҚШ, Ұлыбритания, Канада және Үндістандағы 60 000 қызметкерге ерікті түрде сатып алуды ұсынады. Майкрософттың бас қызметкері Эми Колеман қызметкерлерге жолдаған хабарламасында бұл қызметкерлерге «Microsoft корпорациясынан қаржылық қолдау және ...
Адамдардан ұялып, өзін шырақ етіп көрсететін робот
🍄 Адамдардан ұялшақ, өзін шам болып көрінетін робот АҚШ-та стресс пен жалғыздықпен күресу үшін ойлап табылған саңырауқұлақ тәрізді кішкентай робот Мори таныстырылды. Оның үлкен көздері, жылжымалы қалпақ және өте ерекше мінезі бар. Мори билей алады, көңіл көтереді...
Meta AI құруды қаржыландыру үшін акцияларды 95 миллиард долларға дейін сатуды жоспарлап отыр
Meta AI инфрақұрылымын құруға ақша жинау үшін жаңа акцияларды сатуды жоспарлап отыр. Meta өзінің AI құруын қаржыландыру үшін акцияларды 95 миллиард долларға дейін сатуды жоспарлайды деген мақала The Decoder сайтында бірінші рет пайда болды.
