AI-SANA көрмесінде Astana IT University студенттері электрокардиограмманы (ЭКГ) жасанды интеллект арқылы талдап, жүрек патологиясын ерте анықтайтын CardioScan платформасын таныстырды, деп хабарлайды Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап. CardioScan жобасы жасанды интеллект көмегімен жүрек-қан тамырлары жүйесіндегі ықтимал патологияларды анықтауға бағытталған. Платформа портативті ЭКГ құрылғысы мен мобильді қосымшаны біріктіреді. Қосымша жүрек сигналын көрсетіп, оған алдын ала талдау жүргізеді және дәрігердің қарауына арналған есеп қалыптастырады. Сонымен қатар жүйе бұрын түсірілген ЭКГ-ның фотосуретін жүктеп, оны талдауға мүмкіндік береді. «Біз жүрек патологияларын анықтауға арналған жүйе әзірледік. Құрылғымыз арқылы адамның ЭКГ-сын түсіріп, алынған деректерді жасанды интеллект моделіне жібереміз. Модель 33 мың сурет пен ЭКГ деректері негізінде оқытылған. Ол алынған ақпаратты талдап, жүрек ауруларының ықтимал белгілерін, соның ішінде аурудың ерте кезеңдеріндегі өзгерістерді анықтауға көмектеседі», – деді жобаны әзірлеуші, Astana IT University-дің бірінші курс студенті Артем Пинигин. Әзірлеушінің айтуынша, жобаға Солтүстік Қазақстан кардиоорталығы қолдау көрсеткен. Қазіргі уақытта команда CardioScan жобасын Astana IT University базасында дамытып жатыр. Университет жобаны одан әрі жетілдіру үшін қажетті инфрақұрылыммен, жұмыс орнымен және материалдармен қамтамасыз етеді. Жұмыстың келесі кезеңінде клиникалармен ынтымақтастықты кеңейтіп, модельді жетілдіруге қажетті қосымша деректер жинау жоспарланып отыр. Бұл анықталатын патологиялар аясын кеңейтіп, талдау дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстандық студенттер жүрек ауруларын ерте анықтайтын AI платформа жасап шығарды
Платформа 33 мың ЭКГ дерегімен оқытылған
AI қорытындысы: Басты тезистер
- Платформа 33 мың ЭКГ дерегімен оқытылған
Ұқсас материалдар
Teradyne Robotics бөлшек сауда мен логистикада физикалық AI-ны масштабтау үшін Sereact-пен серіктес
Zalando компаниясының Германия мен Польшадағы орындау орталықтарында Sereact және Universal Robots енді қайтарылған сән бұйымдарын автономды түрде өңдейді. | Дереккөз: Teradyne Robotics Teradyne Robotics, әмбебап роботтар мен мобильді өнеркәсіптік роботтардың артында тұрған компания өткен аптада…
Жасанды интеллект роботы Грок құлағаннан кейін өздігінен қалпына келтіруді үйренді
Жасанды интеллект роботы Grok құлаудан тәуелсіз қалпына келуді үйренді. Grok Brain Engine жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін роботтың әдеттен тыс көрсетілімі желіде көрсетілді. Көлікті қатты итеріп жіберді, ол еденге құлады, бірақ әп-сәтте іске қосылды...
Microsoft өзінің жасанды интеллекті қиын ауруларды дәрігерлерден екі есе дәлдірек диагностикалайды деп жариялады. Ко...
Microsoft өзінің жасанды интеллекті қиын ауруларды дәрігерлерден екі есе дәлдірек диагностикалайды деп жариялады. Компания медициналық үлкен интеллектті жасауға дайындап жатыр. Science жарнысында жарияланған зерттеуде Microsoft MAI-DxO жүйесі дұрыс анықтады деп көрсетілді…
Республика күні құтты болсын!
🇰🇿 Республика күні құтты болсын! Республика күні — мемлекеттілігіміздің, бірлігіміздің және тәуелсіз Қазақстанның өркендеуге деген ұмтылысының белгісі. Бүгінде еліміз цифрлық технологиялар, жасанды интеллект пен технологиялық кәсіпкерлікті дамыту арқылы болашаққа нық қадам…