🇰🇿 Қазақстан — Physical AI саласындағы болашақ әлемдік орталық NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі CEO-сы Дженсен Хуангтың Қазақстанға алғашқы сапары барысында alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиевтің қатысуымен Fireside Chat форматындағы кездесу өтті. Талқылаудың негізгі тақырыптары — жасанды интеллектінің болашағы, озық технологияларды дамыту және Қазақстанның жаһандық AI-индустриядағы рөлі. Жаңа буын AI-мамандарын даярлауға, инновацияларды дамытуға және халықаралық ынтымақтастық перспективаларына ерекше назар аударылды. Негізгі тақырыптардың бірі — Қазақстанды нақты өндірістік жағдайларда озық технологияларды әзірлеуге, сынақтан өткізуге және енгізуге арналған халықаралық Physical AI орталығы ретінде қалыптастыру болды. Fireside Chat кездесуінің толық нұсқасын Astana Hub YouTube арнасынан көріңіздер. 〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️ 🇰🇿 Казахстан — будущий мировой центр Physical AI Во время первого визита основателя и CEO NVIDIA Дженсена Хуанга в Казахстан в международном центре искусственного интеллекта alem.ai состоялся Fireside Chat с заместителем Премьер-министра — министром искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан Жасланом Мадиевым. В центре обсуждения — будущее искусственного интеллекта, развитие передовых технологий и роль Казахстана в глобальной AI-индустрии. Отдельное внимание уделили подготовке нового поколения AI-специалистов, развитию инноваций и перспективам международного сотрудничества. Одной из ключевых тем стало формирование Казахстана как международного центра Physical AI — площадки для разработки, испытания и внедрения передовых технологий в реальных промышленных условиях. Смотрите полную версию Fireside Chat на YouTube-канале Astana Hub.