Қазақстанның салық заңнамасына бағынған шетелдік интернет-гиганттар ел бюджетін миллиардтаған қаржымен толықтырды. Мемлекеттік кірістер комитеті жүргізген камералдық бақылау нәтижесінде Pinduoduo мен Claude AI әзірлеушісі 8 миллиард теңгеге жуық салық төледі, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы. Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан аумағында жұмыс істейтін шетелдік интернет-платформалардың салық төлеуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Атап айтқанда салықтық әкімшілендіру нәтижелері бойынша Pinduoduo бюджетке 6,8 млрд. теңге (15,1 млн АҚШ доллары) аударды. Сонымен қатар, Claude жасанды интеллект көмекшісін әзірлеуші Anthropic, PBC компаниясы өткен салықтық кезеңдер үшін 1,2 млрд. теңге (шамамен 2,6 млн АҚШ доллары) төледі. Компания камералдық бақылау нәтижелері бойынша жолданған хабарламаларды орындады. Айта кетейік, заңнамада шетелдік интернет-платформалар салық заңнамасының талаптарын орындамаған жағдайда олардың интернет-ресурстарына қолжетімділікті шектеу мүмкіндігі көзделген. «Осыған байланысты Комитет Ұлыбританияда тіркелген Farfetch платформасының операторына камералдық бақылау хабарламасын жолдады. Хабарлама орындалмағандықтан, Қазақстан аумағында Farfetch интернет-ресурсына қолжетімділік шектелді», деп хабарлады комитет. Farfetch — киім, аяқкиім және аксессуарлар, оның ішінде танымал брендтердің тауарлары сатылатын халықаралық онлайн-платформа. Комитет мұндай шаралар тиісті талаптар қолданылатын және Қазақстан бюджеті алдындағы салықтық міндеттемелерін орындамайтын барлық шетелдік интернет-платформаларға заңнамада белгіленген тәртіппен қолданылатынын еске салды.
Pinduoduo мен Claude Қазақстан бюджетіне 8 млрд теңге салық төледі
Камералдық бақылау нәтижесінде Farfetch интернет ресурсы бұғатталды
AI қорытындысы: Басты тезистер
- Камералдық бақылау нәтижесінде Farfetch интернет ресурсы бұғатталды
Ұқсас материалдар
2026 жылғы 25 қазандағы AI жаңалықтар дайджесті
Бүгін біз Moonshot-тен ашық бастапқы шешімдерде көшбасшы болуға уәде беретін жаңа тіл үлгісін және AI арқылы жасалған жарнама болуы керек Пенсильваниядағы таңғаларлық инновацияны атап өтеміз.
Илон Маск Кимиді мақтайды және бұл Клод қажет емес дегенді білдіреді ме?
Алдыңғы реакциялар: 1 https://t.me/gmoreva/1193, 2 https://t.me/gmoreva/1195 Менің жабық қауымдастығым https://amorev.ru/promo Менің AI провайдерім https://ai.wormsoft.ru. Менің Telegram каналым https://t.me/gmoreva Бұл бейнеде мен жасанды интеллект туралы вирустық бейнелерді талдаймын: қайда...
Рекурсивті агенттер кодтау үлгісін шығарды
🌟 Recursive кодтау агенттерінің үлгісін шығарды Ричард Сочер негізін қалаған және мамыр айында 650 миллион доллар инвестициямен көлеңкеден шыққан Recursive Superintelligence стартапы өзінің алғашқы үлгісін көрсетті - Флинт. Рекурсивті мұндай ақшаны бірінші үлгіге дейін алды, негізінен ...
Антропиктердің негізін қалаушы Джек Кларк 2027 жылға дейін өзін-өзі жетілдіретін AI туралы болжамын алға жылжытады.
P-Zero Research компаниясының жаңа эталоны AI модельдерінің тәжірибелерді өз бетінше жобалап, бағалайтынын өлшейді. Нәтижелер тез жақсарып жатқаны сонша, Anthropic компаниясының негізін қалаушы Джек Кларк өзін-өзі жетілдіретін AI 2027 жылға қарай келеді деп ойлайды. Anthropic негізін қалаушы Джек Кларк мақаласы…
