🤝 Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымы елдерімен ғарыш саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия және Өзбекстан келісімге қол қойды ғарыш саласындағы ынтымақтастық туралы. Құжатқа Анталияда IAC 2026 халықаралық астронавтика конгресінде қол қойылды. 🛰 Елдер ғарыштық технологиялар мен спутниктер бойынша бірлесіп жұмыс істеуді, зерттеулер жүргізуді, өндірісті дамытуды және мамандарды даярлауды жоспарлап отыр. Алғашқы практикалық ынтымақтастық жобаларының бірі – Астанада қазақстандық «Ғалам» компаниясы жасап жатқан 12U спутнигі OTS-SAT. Ол тікелей орбитада жаңа технологиялар мен спутниктік жүйелерді сынақтан өткізу үшін пайдаланылады. Жаңа келісім Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің басқа да бірлескен ғарыштық жобаларын іске қосу үшін негіз болуы тиіс. 📷 Көк экран | Цифрлы Қазақстан