🇰🇿 «Атамекен» ҚР ҰКП төрағасы Қанат Шарлапаев «Корея – Орталық Азия» бірінші бизнес саммиті аясында бірлескен мәлімдемеге қол қойды. 🤝 Сеулде Корея Республикасы мен Орталық Азияның бес елінің іскер топтары экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің жалпы бағыттарын анықтады. 🔹Негізгі бағыттар: • сауда және инвестиция көлемін кеңейту; • жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастық; • стратегиялық маңызды пайдалы қазбалар мен энергетика бойынша ынтымақтастық; • өндірісті, инфрақұрылымды және логистиканы дамыту; • аймақтар арасындағы көлік қатынасын арттыру; • Жаңартылатын және ядролық энергия, көмірқышқыл газының шығарындыларын азайту жобалары.