Қазақстанда «Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі» пилоттық жобасы іске қосылды. Жаңа AI қызметі бизнеске белгілі бір қызмет түріне қатысты заңды талаптарды жылдам табуға көмектеседі, деп хабарлайды 24KZ.
Жасанды интеллект нормативтік актілерді талдайды, міндетті нормаларды анықтайды және оларды жүйелейді. Заңнама өзгерсе, ақпараттар да жаңартылады.
Бұл қызмет әкімшілік жүктемені азайтып, кәсіпкерлерді байқаусызда заң бұзушылықты болдырмауға көмектеседі деп күтілуде.
Тізілім енді бизнеске арналған AI платформасында қол жетімді. Ол жақын арада eGov Business жүйесінде іске қосылады.
