Қазақстанда жасанды интеллект көмегімен радиологиялық скринингтің мерзімі 30 күннен 3 күнге дейін қысқарды, деп хабарлайды 24KZ. Орталықтандырылған ғылыми-зерттеу жүйесі қазірдің өзінде 15 өңірдегі мемлекеттік медициналық ұйымдарда жұмыс істейді және өкпе мен сүт безі обырын ерте кезеңде анықтауға көмектеседі. WDSOFT мәліметтері бойынша, тексерулер саны төрт есеге артып, рентгенологтың бір суретпен қарау уақыты 40 минуттан 10 минутқа дейін қысқарды. Бұл ретте сүт безі обырын анықтау көрсеткіші 32 пайызға жетті. AI колоноскопияда да қолданылады - жүйе дәрігерге жоспарлы тексеру кезінде жіберіп алуы мүмкін түзілімдерді байқауға көмектеседі. Биопсия немесе алып тастау туралы соңғы шешімді эндоскопист қабылдайды.