All Articles
4 min read
General🇰🇿 КазахстанOctober 16, 2026

Қазақстанда әлеуметтік көмекті цифрландыру күшейтіледі: 20 млн азаматтың дерегі бір жүйеге біріктірілді

Қазақстанда әлеуметтік көмекті тағайындау мен еңбек заңнамасының сақталуын бақылау үшін цифрлық жүйелер кеңейтіледі. «Отбасының цифрлық картасында» 20 млн-нан астам азамат пен 6,2 млн үй шаруашылығының деректері жинақталған. Ал еңбек тәуекелдерін бақылайтын жүйе 99 мыңнан астам…

Гульнур Какимжанова·Tech-news.kz
Original Source
Key Takeaways
  • 01.Қазақстанда әлеуметтік көмекті тағайындау мен еңбек заңнамасының сақталуын бақылау үшін цифрлық жүйелер кеңейтіледі
  • 02.«Отбасының цифрлық картасында» 20 млн-нан астам азамат пен 6,2 млн үй шаруашылығының деректері жинақталған
  • 03.Ал еңбек тәуекелдерін бақылайтын жүйе 99 мыңнан астам…
Қазақстанда әлеуметтік көмекті цифрландыру күшейтіледі: 20 млн азаматтың дерегі бір жүйеге біріктірілді

Қазақстанда әлеуметтік көмекті тағайындау мен еңбек заңнамасының сақталуын бақылау үшін цифрлық жүйелер кеңейтіледі. «Отбасының цифрлық картасында» 20 млн-нан астам азамат пен 6,2 млн үй шаруашылығының деректері жинақталған. Ал еңбек тәуекелдерін бақылайтын жүйе 99 мыңнан астам кәсіпорынның жұмысын тұрақты талдап отыр, деп хабарлайды Tech-news. Бұл мәселелер Премьер-министр Олжас Бектеновтің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласын цифрландыруға арналған кеңесінде қаралды. Жиында мемлекеттік көмекті нақты мұқтаж азаматтарға жеткізу, еңбек құқықтарының бұзылуын ерте анықтау және жасанды интеллектіні әлеуметтік салада пайдалану мәселелері талқыланды. Әлеуметтік көмекті кімге беру керегін цифрлық жүйе анықтайды «Отбасының цифрлық картасы» 30-дан астам мемлекеттік ақпараттық жүйеден дерек жинайды. Жиналған мәліметтер азаматтардың әлеуметтік жағдайын бағалауға және мемлекеттік қолдауға мұқтаж отбасыларды анықтауға көмектеседі. Деректердің дұрыстығын жергілікті атқарушы органдар азаматтардың нақты тұрмыс жағдайын ескере отырып тексереді. Министрлік мәліметінше, жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 2025 жылы 480 355 отбасының тұрмыс жағдайы жақсарып, әл-ауқаты жоғары санатқа ауыстырылған. 2026 жылдың басынан бері бұл көрсеткішке тағы 464 158 отбасы қосылған. Үкімет әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібін де қайта қарастырып жатыр. Әл-ауқаты жоғары азаматтар үшін жәрдемақының 36 түрінің 14-іне қатысты өзгерістер енгізіледі. Қалған 22 түрі бойынша төлем тәртібі сақталады. Ал көмекке мұқтаж азаматтар мемлекеттік қолдауды бұрынғы тәртіппен толық көлемде ала береді. Қазір әкімдіктер мен министрлік әл-ауқаты жоғары санатқа жатқызылған отбасылардың деректерін қайта тексеріп жатыр. Бұл олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын нақты бағалап, санаттарды дұрыс анықтау үшін қажет. Министрлік дерегіне сәйкес, SMS-хабарламалардан кейін 200-ден астам азамат әлеуметтік көмекке мұқтаж емес екенін айтып, төлем алудан бас тартқан. Осы процесті жеңілдету үшін eGov Mobile қосымшасында жәрдемақыдан ерікті түрде бас тарту сервисін іске қосу жобасы таныстырылды. Ол іске қосылған жағдайда азаматтар мемлекеттік органдарға бармай-ақ, төлемнен онлайн бас тарта алады. Әлеуметтік төлемдер бірыңғай платформаға көшіріледі Бұған дейін жергілікті деңгейде көрсетілген 66 әлеуметтік көмек шарасы қайта қаралды. Нәтижесінде орталық және жергілікті деңгейлерде қайталанатын 38 шара оңтайландырылып, қалған 28 шара бірыңғай талаптары бар 13 бағытқа біріктірілді. Бірыңғай цифрлық платформа өтініш беруден бастап, төлемді алуға дейінгі процесті бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жүйе көмек алушылардың санын, сұранысты және жергілікті бюджет шығындарын есепке алады. Бұл қайталанатын төлемдерді болдырмауға және бюджет қаражатының жұмсалуын ашық бақылауға бағытталған. Әлеуметтік қолдау шараларына өтініш қабылдау және оларды тағайындау қызметі платформада 2026 жылғы маусымда іске қосылған. Содан бері жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеден асатын 55 мыңнан астам өтініш түскен. Оның ішінде 1,8 млрд теңгеден астам сомаға өтініштер қаралып, мақұлданған. Қазір платформа «Отбасының цифрлық картасымен» біріктіріліп жатыр. Үкімет Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау, Ғылым және жоғары білім министрліктерімен бірлесіп, мемлекеттік қолдау шараларын бірыңғай жүйеде есепке алуды қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ азаматтардың отбасы әл-ауқатын өз бетінше бағалауына арналған калькуляторды жетілдіру жоспарланып отыр. Ол мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі деректерді автоматты түрде пайдаланып, есептеуді жеңілдетуі тиіс. Бұған қоса, екінші деңгейлі банктерді «Отбасының цифрлық картасына» қосу жұмыстары жеделдетіледі. Жасанды интеллект әлеуметтік көмек тағайындауға көмектеседі Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде компьютерлік көру технологиясы да қолданылып жатыр. Ол учаскелік комиссиялардың қорытындыларын азаматтардың тұрғылықты жеріне бармай-ақ салыстыруға мүмкіндік береді. Министрлік мәліметінше, технология көмегімен 183 мыңнан астам өтініш өңделген. Модельдің дәлдігі 89%-дан асады. Дегенмен жасанды интеллекттің қорытындысы тек ұсыным ретінде қарастырылады. Әлеуметтік көмек беру туралы түпкілікті шешім белгіленген тәртіппен қабылданады. 99 мыңнан астам кәсіпорынның еңбек тәуекелі бақыланады Цифрландыру еңбек қатынастары саласына да енгізіліп жатыр. Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасы қызметкерлердің құқықтары мен еңбек заңнамасының сақталуына қатысты ықтимал бұзушылықтарды ерте анықтауға арналған. Қазіргі уақытта штатында 10 немесе одан көп қызметкері бар 99 мыңнан астам кәсіпорын жүйе арқылы тұрақты бақыланады. Ол қаржылық жағдайды, әлеуметтік көрсеткіштерді, еңбек қатынастары мен қауіпсіздігін қамтитын үш негізгі блок бойынша 80-нен астам көрсеткішті талдайды. Мониторинг нәтижесінде тәуекелі жоғары 2 792 кәсіпорын және орташа тәуекел деңгейіндегі 3 137 кәсіпорын анықталған. Тіркелген мәселелер қатарында міндетті жарналар мен аударымдарды кешіктіру, еңбекақы мөлшеріндегі айырмашылықтар және ең төменгі жалақы талаптарын сақтамау бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне анықталған тәуекелдерге ден қою тәртібін әзірлеп, қабылданған шаралардың нәтижесін бағалау тапсырылды. Үкімет цифрлық жүйелерді біріктіруді көздейді Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға цифрлық шешімдерді бірыңғай архитектура аясында дамыту міндеті жүктелді. Бұл ретте дербес деректерді қорғау мен ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау қажет. Олжас Бектенов цифрлық құралдар сенімді деректерге сүйеніп, азаматтардың мүддесіне қызмет етуі керегін атап өтті. Үкіметтің мақсаты — әлеуметтік көмекті нақты мұқтаж адамдарға жеткізу, төлемдерді ашық есепке алу және еңбек заңнамасының бұзылуын ерте анықтау. Үкімет басшысының айтуынша, әлеуметтік қолдау жүйесін мұқтаждық пен атаулылық қағидатына көшіру кезінде өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға қажетті көмек толық көлемде көрсетілуі тиіс. Сообщение Қазақстанда әлеуметтік көмекті цифрландыру күшейтіледі: 20 млн азаматтың дерегі бір жүйеге біріктірілді появились сначала на Tech news.

Aggregated within AI Qazaqstan national intelligence stream with author attribution.

Related Intelligence

All stories →
General1 мин

At New York Climate Week 2026, MIT connects with a global network

Each year, Climate Week NYC brings together more than 100,000 people in more than 1,000 events across the city to discuss climate challenges, explore solutions, and spur action. Participants come from industry, academia, philanthropy, nonprofits, government, and finance and…

MIT News — AI
General1 мин

Researchers find six patterns that make AI text so exhausting to read

A study from New York University and the University of Texas at Austin shows that frontier language models systematically overuse linguistic patterns that are hard for humans to parse. The researchers trace the problem to training on code and math, where correctness gets…

The Decoder
General1 мин

The RealReal won’t let AI agents hog designer clothing

The RealReal, a secondhand luxury fashion consignment retailer, said it's updating its bot defense system, effectively making it harder for AI agents to shop on its site. The change comes days after The Verge reported that an AI agent could be used to take advantage of The…

The Verge — AI