NVIDIA has invested in Kazakh startup Higgsfield
Jensen Huang explained what makes unicorns so interesting
- 01.Jensen Huang explained what makes unicorns so interesting
Қазақстандық Higgsfield америкалық NVIDIA технологиялық компаниясынан қаржыландыру тартты. Инвестиция сомасы мен басқа да бөлшектері әзірге жарияланған жоқ, деп хабарлайды Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы. Higgsfield өнімдері жасанды интеллект көмегімен видео мен кескін жасауға мүмкіндік береді. Higgsfield-тің жаңа инвесторы туралы NVIDIA негізін қалаушы әрі бас директоры Дженсен Хуангтың Қазақстанға жасаған алғашқы сапары барысында белгілі болды. Астанада ол Қазақстанның премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевпен fireside chat форматында сұхбат өткізді. Жаслан Мәдиев Дженсен Хуангтан оның компаниясы неліктен қазақстандық Higgsfield стартапына инвестиция құруды шешкенін сұрады. «Ең алдымен, сіз компанияларға емес, адамдарға инвестиция саласыз. Higgsfield негізін қалаушылар – визионерлер. Оларда керемет идея пайда болды, бірақ оны іске асыру оңай болған жоқ. Олардың әлем бойынша бәсекелестері бар, олардың көбі АҚШ-та орналасқан», – деді NVIDIA басшысы. Ол Higgsfield командасында аса талантты мамандар жұмыс істейтінін атап өтті. Бұл ретте стартапта еңбек ететін 600 жұмыскер Қазақстанда орналасқан. Оның бағалауы бойынша, Higgsfield қызметтерінің көмегімен жасалған видеолардың сапасы бір жыл ішінде елеулі түрде жақсарған. Айта кетейік, Higgsfield AI стартапын Ерзат Дулат пен Алекс Машрабов құрған. Алекс Машрабов – Snap компаниясындағы Generative AI бағытының бұрынғы басшысы және Snap 166 миллион долларға сатқан AI Factory компаниясының негізін қалаушылардың бірі. Ерзат Дулат – жасанды интеллект саласындағы инженер әрі зерттеуші, ол Higgsfield идеясының бастамашысы болып, оның ғылыми тұжырымдамасының негізін қалаған. Стартап ресми түрде 2025 жылдың наурыз айында жұмысын бастады. Сол жылдың қыркүйегінде Higgsfield ресми түрде юникорн атанды. Оның құны 1 миллиард доллардан асты. Higgsfield деректері бойынша, компанияның жылдық түсімі өмір сүрген 16 ай ішінде нөлден 700 миллион долларға дейін өсті – бұл стартап үшін өсу жылдамдығының рекордтық көрсеткіші. 2026 жылдың қазанына қарай жобаны әзірлеушілер бұл көрсеткішті 1 миллиард долларға жеткізуді жоспарлаған еді. Естеріңізге сала кетейік, Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісі Higgsfield бас директоры әрі негізін қалаушы Ерзат Дулатпен Қазақстандағы IT саласының дамуы, бірегей жобаларды әзірлеу және ілгерілету, сондай-ақ ЖИ қолдану туралы әңгімелескен болатын. Бұған дейін Kapital.kz NVIDIA басшысы fireside форматындағы әңгіме барысында қазақстандық жастарға қандай кеңес бергенін хабарлаған еді. Дженсен Хуанг бүгін Жаслан Мәдиевтің шақыруымен Астанаға келді. NVIDIA негізін қалаушы Қазақстанның ЖИ-экосистемасымен танысты.
Related Intelligence
All stories →SpaceX locks in $40B GPU financing deal with Apollo
SpaceX has locked in a binding commitment for roughly $40 billion in financing to pay for AI chips and related data center equipment, the company disclosed in a regulatory filing Monday. In a statement, SpaceX called it the “largest committed GPU financing” ever.
But the most interesting thing about Anthropic's IPO data is that they raised a total of $141.1 billion, and they still have...
But the most interesting thing about Anthropic's IPO data is that they raised a total of $141.1 billion, and still have $131.7 billion in their accounts. It turns out that throughout its history, Anthropic has spent about $9.4 billion, while in just 3 years its revenue has grown from zero to $16.3 billion in...
NVIDIA Mission Control 2.5 improves offline recovery in Kubernetes
NVIDIA Mission Control 2.5 offers offline recovery for Kubernetes.