Қазақстанда цифрлық теңгені енгізу аясында жалпы сомасы 339 млрд теңгені құрайтын 20 пилоттық жоба іске асырылды. Жобалар инфрақұрылым мен ауыл шаруашылығын қоса алғанда, түрлі салаларды қамтыды. Цифрлық теңгені енгізу жұмыстары ҚР Ұлттық банкімен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Тиісті заң қабылданды, ал оны қолдану қағидалары бекіту сатысында. Пилоттық жобалардың қорытындысы бойынша бұл тетік оң нәтиже көрсетті. Бұл туралы ҚР қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Цифрлық теңгені пайдалануға мүмкіндік беретін бюджеттік ерекшеліктердің сегіз түрі айқындалды. Бұл тетік құны 100 млн теңгеден асатын жобаларды іске асыру кезінде қолданылады. Нақты жобалардың тізбесін кейінірек қалыптастырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жоспарланып отыр. Осыдан кейін қандай жобалар цифрлық теңге арқылы қаржыландырылатыны белгілі болады. «Алдағы уақытта бұл тетік бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға, қаржы ағындарының ашықтығы мен қадағалануын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп санаймыз. Бұл бағыттағы жұмысты Ұлттық банкпен бірлесіп жалғастырып жатырмыз», — деді спикер. Сондай-ақ ол мемлекеттік мүлікті есепке алуды цифрландыруға және оны басқару тиімділігін арттыруға бағытталған «Digital Qazyna» жобасына тоқталды. Бүгінде Мемлекеттік мүлік комитетінің процестері электрондық форматқа көшірілген. Жүйеде 19 мың ұйымға тиесілі 25,6 млн мемлекеттік мүлік нысаны туралы мәлімет бар. Атап айтқанда, бұрын қағаз жүзінде жүзеге асырылған ғимараттар мен басқа да нысандарды мемлекеттік органдар арасында беру енді электрондық форматта жүргізіледі. Сонымен қатар мемлекеттік органдар басқа ведомстволардың мүлкі туралы ақпарат алып, қажет болған жағдайда пайдаланылмай тұрған нысандарды сұрата алады. Жоба іске қосылғалы бері мемлекеттік ұйымдар арасында жалпы құны 433 млрд теңгеден асатын 56 мыңнан астам нысан бойынша 4 мыңға жуық мүлік беру операциясы жүргізілді. «Алдағы уақытта „Digital Qazyna“ тұжырымдамасына сәйкес ғимараттардың, автокөліктердің және басқа да мемлекеттік мүліктің қаншалықты тиімді пайдаланылатынын, қандай пайда әкелетінін бағалау үшін жасанды интеллектіні қолданамыз. Бұл ретте жасанды интеллект те көмектеседі. Ол жоспарлау кезінде және мемлекеттік органның жұмысын бағалау барысында белгілі бір мемлекеттік мүліктің қаншалықты тиімді пайдаланылып жатқанын анықтауға қатысты ұсыныстар әзірлейді», — деп толықтырды вице-министр. Сонымен қатар қазірдің өзінде 50 мың пайдаланушысы бар «Бірыңғай жеке кабинет» жобасын іске асыру жалғасып жатыр. Оның мақсаты — Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелеріндегі жеке кабинеттерді, соның ішінде мемлекеттік сатып алу порталын, электрондық шот-фактуралар жүйесін, салық төлеушінің кабинетін және электрондық аукциондар платформасын бір жүйеге біріктіру.
General2 分钟阅读
人工智能有助于评估哈萨克斯坦国有财产使用的有效性
在引入数字坚戈的框架内,哈萨克斯坦实施了20个试点项目,总额达3390亿坚戈。这些项目涵盖基础设施和农业等多个领域。
Profit.kz — ИТ в Казахстане作者: PROFIT2026年10月12日 (10月12日)
提供 4 种语言版本AI 摘要:要点
- 在引入数字坚戈的框架内,哈萨克斯坦实施了20个试点项目,总额达3390亿坚戈。这些项目涵盖基础设施和农业等多个领域。

全文为哈萨克语
事件时间线
相关文章
GitHub 上已收集了 700 多个使用 Claude 创建视频的提示
GitHub 上已收集了 700 多个使用 Claude 创建视频的提示。现在,您只需用普通语言描述所需的结果即可创建动画、动态图形、3D 场景甚至交互式迷你游戏。该集合包含 700 多个现成的示例。每一个…
Telegram — GPT Time | Нейросети | ИИ
Paragon:每周摘要
Paragon:每周摘要 我们的分析和材料: 🟠阻碍你利用 AI 赚钱的 5 个原因 🟠ElevenLabs:除了配音之外,什么是免费的 🟠YouTube 封面 300 美元:5 天内开始计划 🟠Poe:从 Claude、GPT 和 Gemini 收集你自己的 AI 🟠11 个 AI 服务...
Telegram — Paragon | Нейросети и ИИ
神经网络讲述了他们对人类的真实想法。事实证明,答案非常严峻。
12 个神经网络讲述了他们对人类的真实想法。事实证明,答案非常严峻。在一项不同寻常的实验中,12 个领先的人工智能模型被问了三次相同的问题:人类最不愉快的真相是什么?在 35 个答案中的 29 个中,神经网络得出了类似的结果……
Telegram — GPT Time | Нейросети | ИИ
人工智能对谷歌搜索的改变扰乱了在线出版
The Verge 着眼于谷歌新的人工智能搜索功能如何影响在线出版。
SMNTCN (Semanticon) — глобальные новости ИИ