Yandex Qazaqstan Алматы көшелерінің жоғары дәлдіктегі цифрлық картасын жасауға кірісті. Арнайы жабдықталған автомобильдер жол инфрақұрылымы туралы дерек жинап жатыр. Бұл жұмыс болашақта қалада роботакси технологиясын сынауға қажетті инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды Tech-news. Компанияның автомобильдері лидар, камера және басқа да сенсорлармен жабдықталған. Олар қала көшелерін аралап, жол таңбалары, бағдаршамдар, жол белгілері, қиылыстар және басқа нысандар туралы ақпарат жинайды. Жиналған деректер негізінде Алматының жол ортасының егжей-тегжейлі цифрлық моделі жасалады. Мұндай карта автономды автомобильге жолды дәл бағдарлап, қозғалыс бағытын анықтауға көмектеседі. Лидарлар көлік пен нысандардың арасындағы қашықтықты өлшеп, қоршаған ортаның үш өлшемді көрінісін қалыптастырады. Камералар жол белгілері мен бағдаршам сигналдарын таниды. Ал басқа сенсорлар көлік айналасындағы жағдай туралы қосымша ақпарат береді. Автономды көлік қозғалыс кезінде бұл деректерді нақты уақыт режимінде талдайды. Жүйе автомобильдің орналасқан жерін анықтап, басқа көліктер мен нысандарды таниды, жолдағы өзгерістерді бағалайды және қозғалыс траекториясын қалыптастырады. Жоба Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылып жатыр. Қазақстанда автономды көлікті нақты қала жағдайында сынауға арналған нормативтік негіз де қалыптастырылған. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиевтің айтуынша, автономды көлік елде кезең-кезеңімен енгізіледі. Алдымен технология нақты жағдайларда сынақтан өтіп, оның нәтижелеріне қарай реттеу тетіктері жетілдіріледі. Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Сәбит Нұрқанат қаланың күрделі көлік инфрақұрылымы автономды көлік технологиясын сынау үшін маңызды орта екенін атап өтті. Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекеновтің айтуынша, қазіргі уақытта Алматы көшелерінде жүрген компания автомобильдері жолаушы тасымалдамайды. Олар тек қала картасын жасауға қажетті деректерді жинаумен айналысады. Жоба автономды көлік технологиясын Алматыда іске қосуға дайындықтың алғашқы кезеңдерінің бірі саналады. Компания роботакси жобасының келесі кезеңдері туралы кейінірек хабарлайтынын мәлімдеді. Сообщение Yandex Алматыда автономды көлікке арналған жоғары дәлдіктегі карта жасай бастады появились сначала на Tech news.
General2 分钟阅读
标题为俄语Yandex Алматыда автономды көлікке арналған жоғары дәлдіктегі карта жасай бастады
Yandex Qazaqstan Алматы көшелерінің жоғары дәлдіктегі цифрлық картасын жасауға кірісті. Арнайы жабдықталған автомобильдер жол инфрақұрылымы туралы дерек жинап жатыр. Бұл жұмыс болашақта қалада роботакси технологиясын сынауға қажетті инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталған, деп…
Tech-news.kz作者: tech-news.kz2026年9月30日 (9月30日)
提供 1 种语言版本AI 摘要:要点
- Yandex Qazaqstan Алматы көшелерінің жоғары дәлдіктегі цифрлық картасын жасауға кірісті
- Арнайы жабдықталған автомобильдер жол инфрақұрылымы туралы дерек жинап жатыр
- Бұл жұмыс болашақта қалада роботакси технологиясын сынауға қажетті инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталған, деп…

全文为俄语
相关文章
General1 分钟
Ideogram 引入了 Vector 1.0 模型
✔️ Ideogram 引入了 Vector 1.0 模型。这是该公司第一个用于处理矢量图形的专用模型,它可以根据文本查询创建可扩展的 SVG 插图,还可以对下载的 JPG 和 PNG 格式的光栅图像进行矢量化。结果…
Telegram — AI Machine Learning Big Data
SMNTCN (Semanticon) — глобальные новости ИИ
Wired — Artificial Intelligence
General1 分钟
Mentorix 发布了课程 - “RAG Engineering:创建生产就绪的 AI 系统”
📘 Mentorix 上发布了课程 - “RAG Engineering:创建可用于生产的 AI 系统”。您是否不仅想制作一个“文档聊天”演示,还想制作一个 RAG 来查找所需部分并用引号进行响应?本课程是从无框架 RAG 到生产代理 RAG 的完整路径。 •…
Telegram — AI Machine Learning Big Data
