Turlov Private Holding (TPH) Akashi Data Center дата-орталығын салуға кемінде 500 млн доллар бағыттауды жоспарлап отыр. Бұл – Tier IV деңгейіндегі дата-орталық. Холдинг Қарағанды әуежайын жүк хабына айналдыруға, оның ішінде қойма инфрақұрылымы мен теміржол тұйығын дамытуға да инвестиция салады. Бұл туралы журналистермен кездесуде Turlov Private Holding бас директоры Ольга Баскакова мәлімдеді. Ольга Баскованың айтуынша, Turlov Private Holding Тимур Турловтың жеке активтерін шоғырландырады және Freedom Holding Corp.-тан бөлек дамитын жобаларға инвестиция салады. Қазіргі уақытта TPH портфелінде тау-кен өнеркәсібі, инфрақұрылым және көлік, технологиялар, медиа, спорт салаларындағы шамамен 60 компания бар. Ірі активтердің қатарында «Семей» цемент зауыты, Central Asia Gold, Қарағанды әуежайы, Akashi Data Center, «Шахтер» футбол клубы, сондай-ақ медиа жобалар бар. Холдинг барлық TPH активтерінен бірыңғай экожүйе құруды мақсат етпейтінін атап өтті. Жобаларды таңдаудағы негізгі критерий – олардың коммерциялық әлеуеті. Ольга Баскова жекелеген компанияларды немесе активтер тобын жария нарыққа шығару мүмкіндігін жоққа шығармады. Оның айтуынша, бірнеше жоба біріктіру және кейіннен нарыққа шығу тұрғысынан қарастырылып жатыр. Алайда Turlov Private Holding алдағы үш жылда жария компания болуды жоспарлап отырған жоқ. Журналистердің сұрақтарына жауап берген Ольга Баскова Akashi Data Center жобасын TPH нөлден бастап құрғанын атап өтті. Жоба Астанада Tier IV деңгейіндегі ақпараттарды өңдеу орталығын салуды көздейді. «Бұл – Tier IV деңгейіндегі ақпараттарды өңдеу орталықтарын салуға бағытталған өте ауқымды жоба. Қазақстанда әзірге мұндай деңгей жоқ», – деді Ольга Баскова. Жоба төрт корпустың құрылысын қарастырады. Бүкіл инфрақұрылымды құруға және жобаны іске қосуға салынатын инвестицияның жалпы көлемі кемінде 500 млн доллар деп бағаланып отыр. Қаржыландыруды TPH жүзеге асырады. Холдинг инвестиция салатын тағы бір ірі бағыт – Қарағанды әуежайы. TPH 2024 жылы әуежайдың басым үлесін сатып алып, оны Cargo Hub-қа айналдыруды жоспарлап отыр. Инвестициялар қойма инфрақұрылымына, отын құю кешеніне және теміржол тұйығына бағытталады. Болашақта екінші ұшу-қону жолағын салу мүмкіндігі де қарастырылып отыр. Бұл ретте әуежайды дамыту авиация, теміржол және автомобиль көлігін біріктіретін мультимодальды тасымалдармен байланыстырылады. 2026 жылы холдинг Alatau Air Cargo жобасына да қосылды. Бұл жерде ұлттық жүк әуе тасымалдаушысын құру туралы сөз болып отыр. Алдағы бес жылда әуе кемелері паркін ұлғайтып, жүк тасымалын дамыту жоспарланған. Жобаны қаржыландыру құрылымы қазір басқа акционермен бірлесіп пысықталып жатыр, деді Ольга Баскова. «Біздің негізгі мақсатымыз, ұлттық жүк тасымалдаушысын іске қосудың стратегиялық мақсатын айтпағанда, оны коммерциялық тұрғыдан тартымды жобаға айналдыру. Модель үшін қандай қаржы көздері тиімді әрі қайсысы барынша нәтижелі болатынын бағалаймыз», – деп қосты ол. Turlov Private Holding түрлі қаржыландыру көздерін пайдаланады: олар акционердің жеке қаражаты, банктік қаржыландыру және басқа да нарықтық құралдар болуы мүмкін. Кейбір еншілес компаниялар облигациялар шығару арқылы қаражат тартқан. TPH қытайлық инвесторларды тарту мүмкіндігін де қарастырып отыр. Сонымен бірге Ольга Баскова холдингтің инвестициялық стратегиясы қазір портфельді белсенді кеңейтуден бұрыннан сатып алынған жобаларды дамытуға қарай ауысып жатқанын айтты.
标题为哈萨克语Turlov Private Holding Астанадағы дата-орталыққа 500 млн доллар көлемінде инвестиция салады
Akashi Data Center жобасы Tier IV деңгейіндегі төрт корпустың құрылысын қарастырады
Kapital.kz作者: Редакция Kapital.kz2026年10月8日 (10月8日)
提供 1 种语言版本AI 摘要:要点
- Akashi Data Center жобасы Tier IV деңгейіндегі төрт корпустың құрылысын қарастырады
全文为哈萨克语
相关文章
新现代途胜首日斩获1.5万订单
现代汽车已开始在韩国接受第五代途胜的订单,首日就收到了15,045辆订单。这明显多于前代产品 2020 年 9 月进入市场时收到的订单量。当时该型号收到了 10,842 份订单。混合动力车的性能优于汽油车......
Kursiv Media Tech
Startups1 分钟
数百美元起的服务:11 项收费服务
数百美元起的服务:11 种服务集合要成为自由职业者并获得客户,您不必立即了解代码、安装和设计。 ㅤ 有些服务的成品几乎是从头开始组装的。选择一个,学会接受它......
Telegram — Paragon | Нейросети и ИИ
Hugging Face Blog
为什么个人品牌对企业发展很重要?
🚀 为什么个人品牌对业务发展很重要?个人品牌在公司发展中的作用将在与 BLVD 创意公关机构创始人兼首席执行官、2025 年戛纳国际创意节获奖者 Leonid Nigmatullin 的会议上讨论。哈萨克斯坦创业行业的竞争...
Astana Hub (KB mirror)
