Қазақстан Алматыда БҰҰ-ның Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі тұрақты даму мақсаттарына арналған цифрлық шешімдер орталығын орналастырады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Президент жасанды интеллектіні тиімді қолдану экономикалық өсімді жеделдетіп, мемлекеттік басқаруды жетілдіруге мүмкіндік беретінін атап өтті, деп хабарлайды Tech-news. Мемлекет басшысының айтуынша, ЖИ технологияларының дамуы жаңа мүмкіндіктермен қатар, қауіпсіздікке қатысты тәуекелдерді де күшейтеді. Сондықтан елдер жасанды интеллектіні дамыту мәселесінде бірлесіп әрекет етіп, ықтимал қауіптерді ортақ бақылауға алуы қажет. Тоқаев Вашингтонда қол қойылған Суперинтеллект жөніндегі келісімді қолдайтынын жеткізді. Оның пікірінше, бұл құжат болашақта Біріккен Ұлттар Ұйымы аясындағы халықаралық шартқа негіз бола алады. Президент Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) мүше мемлекеттерді Алматыдағы жаңа орталықтың жұмысына қатысуға шақырды. Бұл бастама өңір елдерінің цифрлық технологияларды дамыту және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бағытындағы ынтымақтастығын кеңейтуге арналған. Тоқаев халықаралық цифрлық жобаларды іске асыру кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңызды екенін де атап өтті. Әсіресе, бірнеше мемлекеттің қатысуымен жүзеге асатын жобаларда деректерді қорғау мен байланыс арналарының сенімділігіне ерекше мән берілуі керек. Осы бағыттағы бастамалардың бірі — Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі. Каспий теңізінің түбімен өтетін бұл инфрақұрылым екі елдің телекоммуникациялық желілерін байланыстырып, Еуразия аумағында деректерді жылдам әрі қауіпсіз тасымалдауға мүмкіндік береді. Президенттің сөзінше, жоба Азияның цифрлық әлеуетін арттырып, мемлекеттер арасындағы технологиялық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамытуға жағдай жасайды. Жаңа байланыс желісі мен Алматыда орналасатын цифрлық шешімдер орталығы Қазақстанның халықаралық цифрлық инфрақұрылымдағы рөлін кеңейтуге бағытталған екі маңызды бастама болмақ. Сообщение Тоқаев: Қазақстанда БҰҰ-ның цифрлық шешімдер орталығы ашылады появились сначала на Tech news.
Policy & regulation2 分钟阅读
标题为哈萨克语Тоқаев: Қазақстанда БҰҰ-ның цифрлық шешімдер орталығы ашылады
Қазақстан Алматыда БҰҰ-ның Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі тұрақты даму мақсаттарына арналған цифрлық шешімдер орталығын орналастырады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Президент жасанды интеллектіні тиімді қолдану экономикалық өсімді жеделдетіп, мемлекеттік басқаруды…
Tech-news.kz作者: Гульнур Какимжанова2026年10月16日 (10月16日)
提供 1 种语言版本AI 摘要:要点
- Қазақстан Алматыда БҰҰ-ның Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі тұрақты даму мақсаттарына арналған цифрлық шешімдер орталығын орналастырады
- Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді
- Президент жасанды интеллектіні тиімді қолдану экономикалық өсімді жеделдетіп, мемлекеттік басқаруды…

全文为哈萨克语
相关文章
国旗在阿科达升起以纪念共和国日
总统卡西姆-若马尔特·托卡耶夫参加了共和国日升旗仪式。据国家元首新闻处报道,这次活动发生在阿斯塔纳阿科达前的广场上。首先,仪仗队连长向托卡耶夫作了汇报。然后他们升起了州旗...
Kursiv Media Tech
托卡耶夫向哈萨克斯坦人祝贺共和国日
总统卡西姆-若马尔特·托卡耶夫在共和国日祝贺中表示,哈萨克斯坦正进入新的发展阶段。他强调了国家治理的变革、人工智能的引入以及提高公民福祉的项目。据总统所说,…
Kursiv Media Tech
SMNTCN (Semanticon) — глобальные новости ИИ
托卡耶夫感谢NVIDIA负责人就哈萨克斯坦人工智能发展提出的想法
总统卡西姆-若马尔特·托卡耶夫在阿科尔达会晤后感谢NVIDIA首席执行官黄仁勋。他在X上的帖子中指出了其关于在哈萨克斯坦经济中应用人工智能的想法的价值,特别是在农业领域。"我感谢黄仁勋……"
Kursiv Media Tech


