Арнайы тізілімге енгізілген Astana Hub резиденттерінен тиісті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді басым тәртіппен сатып алу көзделеді. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп, Astana Hub резиденттерінің дайын цифрлық өнімдер базасын пайдалана отырып, Қордың еншілес ұйымдары үшін отандық IT-шешімдерді басым тәртіппен сатып алу тетігін әзірледі. 2026 жылғы 21 қыркүйектен бастап «Самұрық-Қазына» АҚ-ның және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында Қорға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне тиісті өзгерістер күшіне енеді. Жаңа тетік аясында Astana Hub скоринг нәтижелерін, санаттарға бөлуді және Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының (ТЖҚ БНА) кодтарын ескере отырып, отандық IT-компаниялар мен өнімдердің арнайы тізілімін қалыптастырады. Арнайы тізілімге енгізілген Astana Hub резиденттерінен тиісті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді басым тәртіппен сатып алу көзделеді. Процестің жеделдігін арттыру мақсатында zakup.sk.kz және Astana Hub ақпараттық жүйелерін интеграциялау қарастырылған. Бұл негізгі рәсімдерді автоматтандыруға және шарттар жасасу мерзімін 10 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Осы тетік аясындағы сатып алулар Astana Hub резиденттері арасында баға ұсыныстарын сұрату арқылы жеңілдетілген және жеделдетілген тәртіппен жүзеге асырылады. Басым тәртіппен сатып алынуға жататын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін Astana Hub-пен келісу бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Ақпараттық технологиялар жөніндегі сарапшылық кеңесі бекітеді. Аталған тетік 2026 жылғы 21 қыркүйектен бастап 2027 жылғы 1 шілдеге дейін жалғасатын пилоттық жоба аясында қолданысқа енгізіледі. «Отандық IT-компаниялар үшін бәсекеге қабілетті цифрлық шешімдерді әзірлеумен қатар, оларға нақты сұраныстың болуы да маңызды. Жаңа тетік өнімді әзірлеуден бастап оны квазимемлекеттік сектордың ірі ұйымдарында енгізуге дейінгі жолды қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл қазақстандық IT-компаниялардың дамуына, олардың шешімдерін ауқымдандыруға және цифрлық өнімдердің тұрақты ішкі нарығын қалыптастыруға қосымша серпін береді деп сенеміз», — деп атап өтті Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ғиззат Сейдахметұлы Байтырсынов. Осылайша, отандық цифрлық әзірлемелерді коммерцияландырудың және ірі ұлттық компаниялар тарапынан қазақстандық IT-шешімдерге тұрақты сұранысты қалыптастырудың қосымша арнасы құрылады. Kaspi Gold теперь в Apple Pay Казахстанский рынок IT-услуг вырос почти вдвое Huawei Watch Fit 5 Pro: премиальный гаджет для контроля стресса и выгорания в большом городе От Excel к цифровому и AI‑предприятию: как среднему бизнесу Казахстана выстроить единую экосистему SAP Алла Зацепилова, Bereke Bank: за цифровой баланс в заботе о клиентах Асель Марченко, НПК Нацбанка РК: итеративно развиваем цифровую инфраструктуру Цифровые короли: Евгений Щербинин Болат Башеев: мы начинаем обсуждать технологии до того, как провели трансформацию бизнес-процессов Kaspi.kz стал генеральным партнером съемок фильма «Доспехи бога: Ультиматум» с Джеки Чаном Elcore стал авторизованным реселлером Anthropic
Startups3 分钟阅读
标题为哈萨克语Қазақстанда «Самұрық-Қазына» тобының компаниялары үшін отандық IT-шешімдерді басым тәртіппен сатып алу тетігі іске қосылады
Арнайы тізілімге енгізілген Astana Hub резиденттерінен тиісті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді басым тәртіппен сатып алу көзделеді.
Profit.kz — ИТ в Казахстане作者: PROFIT2026年9月24日 (9月24日)
提供 1 种语言版本AI 摘要:要点
- Арнайы тізілімге енгізілген Astana Hub резиденттерінен тиісті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді басым тәртіппен сатып алу көзделеді.

全文为哈萨克语
相关文章
SMNTCN (Semanticon) — глобальные новости ИИ
凯文·罗斯 (Kevin Roose) 充满了 AGI。你为什么不呢?
今天,我正在采访凯文·罗斯 (Kevin Roose),他是记者兼新书《AGI 编年史》的作者,该书详细介绍了人工智能行业最近发生的爆炸性变革。凯文是《纽约时报》的长期记者和流行播客硬分叉的主持人,但他和……的朋友
The Verge — AI
Anthropic 向 SEC 申请 IPO,其内容如下
Anthropic 已向 SEC 提交了 IPO 文件,其内容如下。它计划在纳斯达克上市,股票代码为 ANT。该公司表示,三年内其销售额已从零增长到数百亿美元:2023 年达到 4100 万美元。 2025 年 - 46 亿美元。仅 2026 年上半年就达 163 亿美元,其中……
Telegram — blockchainRF (блокчейн / мозг / space / WEB 3.0)
Anthropic 的 IPO 文件提出了一项利用人工智能“彻底改变人类努力的各个领域”的计划
Anthropic 已向美国证券交易委员会提交了 S-1 招股说明书,为 Claude 背后的公司做好准备,通过 IPO 击败 OpenAI。 Anthropic 在向 SEC 提交的文件中表示,计划在纳斯达克交易所上市,股票代码为“ANT”。人工智能……
The Verge — AI

