Астанада өтіп жатқан AI Month аясындағы HackAlem AI хакатоны 2 415 қатысушыны жинап, Guinness World Records әлемдік рекордын жаңартты. Қазақстандағы хакатон бұған дейінгі 2 089 қатысушыдан тұратын рекордты 326 адамға басып озды, деп хабарлайды Tech-news. Алдыңғы рекорд 2025 жылғы 21 желтоқсанда Үндістанның Хайдарабад қаласында өткен хакатонда тіркелген. Оны Google for Developers және Google Developer Groups Hyderabad ұйымдастырған болатын. Жаңа рекордты Guinness World Records ресми төрешісі Гленн Поллард растады. Оның айтуынша, қорытынды есепке тек тіркеуден және сәйкестендіруден өткен, хакатон талаптарын орындаған әрі белгіленген уақыт аралығында алаңда болған қатысушылар енгізілген. Қатысушылардың кіріп-шығуы жеке бейдждерді сканерлеу арқылы бақыланды. Ал әр секторда стюардтар ережелердің сақталуын қадағалады. Жобалармен тікелей жұмыс істеген қатысушылар ғана рекордтық көрсеткішке есептелді. HackAlem AI жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, киберқауіпсіздік және технологиялық дағдыларға арналған AI Month бағдарламасын бастады. Хакатон барысында әзірлеушілер, студенттер мен жас мамандар нақты міндеттерге арналған AI шешімдерін жасауға қатысты. «GUINNESS WORLD RECORDS әлемдік рекордын орнату — Қазақстанның технологиялық қоғамдастығының ортақ жетістігі және еліміздің жоғары әлеуетінің дәлелі. HackAlem AI озық технологияларды қолдана отырып, экономиканың нақты міндеттерімен жұмыс істеген мыңдаған дарынды әзірлеушіні, студентті және жас маманды біріктірді. Біз үшін мұнда жасалған жобалардың идея мен прототиптен бастап пилоттық жобаға және нақты енгізуге дейінгі жолын жалғастыруы маңызды. Бұл нәтиже Қазақстанның жаһандық технологиялық күн тәртібіне қатысып қана қоймай, оны қалыптастыруға да қабілетті екенін көрсетеді. HackAlem AI Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай өтіп жатқан AI Month аясында ұйымдастырылды», — деді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев. HackAlem AI Astana Hub қолдауымен, AI & Digital Bridge 2026 қарсаңында және Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылды. Іс-шараға Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана әкімдігі, Astana Hub, Silkroad Innovation Hub, BAITC, AI & Digital Bridge және халықаралық технологиялық ұйымдар мен компаниялар серіктес болды. Сообщение HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты появились сначала на Tech news.
Startups2 分钟阅读
标题为哈萨克语HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
Астанада өтіп жатқан AI Month аясындағы HackAlem AI хакатоны 2 415 қатысушыны жинап, Guinness World Records әлемдік рекордын жаңартты. Қазақстандағы хакатон бұған дейінгі 2 089 қатысушыдан тұратын рекордты 326 адамға басып озды, деп хабарлайды Tech-news. Алдыңғы рекорд 2025…
Tech-news.kz作者: Гульнур Какимжанова2026年9月24日 (9月24日)
提供 1 种语言版本AI 摘要:要点
- Астанада өтіп жатқан AI Month аясындағы HackAlem AI хакатоны 2 415 қатысушыны жинап, Guinness World Records әлемдік рекордын жаңартты
- Қазақстандағы хакатон бұған дейінгі 2 089 қатысушыдан тұратын рекордты 326 адамға басып озды, деп хабарлайды Tech-news
- Алдыңғы рекорд 2025…

全文为哈萨克语
相关文章
华尔街最快的交易员正在建设数据中心并支持芯片初创公司以在人工智能领域保持领先地位
Jane Street 和 Hudson River Trading 等高频交易商现在正在争夺人工智能计算能力。 《华尔街最快的交易员正在建设数据中心并支持芯片初创公司以在人工智能领域保持领先地位》一文首先出现在 The Decoder 上。
The Decoder
分析捐赠肾兼容性的初创公司准备进入中国市场
Cortex AI创始人阿斯尔江·阿卜杜拉耶夫介绍了中国市场的特点,以及团队如何将模型准确率提升至92%
Kapital.kz
Together AI 与 Y Combinator 推出首个面向初创企业的 GPU 集群
Together AI 与 Y Combinator 为 YC 初创企业推出首个 GPU 集群
SMNTCN (Semanticon) — глобальные новости ИИ
阿波罗经济学家表示,人工智能为大多数公司带来了“零财务回报”
“尽管围绕人工智能进行了大量投资和广泛宣传,但该技术为科技之外的美国企业带来的财务回报为零。”
TechCrunch — AI
