Қазақстан азаматтары енді мемлекеттік шекараны қашан, қай өткізу пункті арқылы және қандай көлікпен кесіп өткенін eGov арқылы онлайн тексере алады. Анықтама бірнеше минут ішінде электронды түрде қалыптасып, жеке кабинетке жүктеледі, деп хабарлайды Tech-news. Құжатта шекарадан өту күні мен уақыты, қозғалыс бағыты, маршрут, рейс пен көлік нөмірі, кірген немесе шыққан ел және өткізу пункті көрсетіледі. Анықтаманы eGov.kz порталы немесе eGov Mobile арқылы рәсімдеуге болады. Порталда авторизациядан кейін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан кесіп өту туралы анықтама беру» қызметін таңдап, анықтама кімге қажет екенін және қажетті уақыт аралығын көрсету жеткілікті. Одан кейін өтінішке қол қойылады. Қызмет тегін көрсетіледі және ЖСН-ы бар Қазақстан азаматтарына қолжетімді. Өтінішті 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қазіргі күнге дейінгі кезеңге беруге болады, бірақ бір сұраудағы уақыт аралығы үш айдан аспауы тиіс. Құжатты қалыптастыруға 15 минутқа дейін уақыт кетеді. Дайын анықтама eGov.kz сайтындағы «Менің профилім – Жеке кабинет» бөлімінде қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді болады. Егер көрсетілген кезеңде азаматтың шекарадан өткені туралы дерек болмаса, бұл ақпарат та құжатта көрсетіледі. Анықтаманы өзіне ғана емес, кәмелетке толмаған баласына немесе заңнамада қарастырылған жағдайда заңды өкілі болып табылатын кәмелетке толған адамға да рәсімдеуге болады. Бала туралы қажетті мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде жүктеледі. Құжат шетелден смартфон немесе планшет әкеліп, оны Қазақстандағы ұялы байланыс желілерінде пайдаланатын азаматтарға IMEI-кодын тіркеу кезінде де қажет болуы мүмкін. Шетел азаматтары шекарадан өткені туралы анықтаманы QazETA порталы арқылы ала алады. Электронды анықтама мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі деректер негізінде автоматты түрде жасалып, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады. Сондықтан оның заңды күші бар. Жаңа қызметті ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп әзірледі. Сообщение eGov-та шекарадан өту туралы анықтаманы енді онлайн алуға болады появились сначала на Tech news.
Policy & regulation2 分钟阅读
标题为哈萨克语eGov-та шекарадан өту туралы анықтаманы енді онлайн алуға болады
Қазақстан азаматтары енді мемлекеттік шекараны қашан, қай өткізу пункті арқылы және қандай көлікпен кесіп өткенін eGov арқылы онлайн тексере алады. Анықтама бірнеше минут ішінде электронды түрде қалыптасып, жеке кабинетке жүктеледі, деп хабарлайды Tech-news. Құжатта шекарадан…
Tech-news.kz作者: Гульнур Какимжанова2026年9月24日 (9月24日)
提供 1 种语言版本AI 摘要:要点
- Қазақстан азаматтары енді мемлекеттік шекараны қашан, қай өткізу пункті арқылы және қандай көлікпен кесіп өткенін eGov арқылы онлайн тексере алады
- Анықтама бірнеше минут ішінде электронды түрде қалыптасып, жеке кабинетке жүктеледі, деп хабарлайды Tech-news
- Құжатта шекарадан…

全文为哈萨克语
相关文章
国旗在阿科达升起以纪念共和国日
总统卡西姆-若马尔特·托卡耶夫参加了共和国日升旗仪式。据国家元首新闻处报道,这次活动发生在阿斯塔纳阿科达前的广场上。首先,仪仗队连长向托卡耶夫作了汇报。然后他们升起了州旗...
Kursiv Media Tech
托卡耶夫向哈萨克斯坦人祝贺共和国日
总统卡西姆-若马尔特·托卡耶夫在共和国日祝贺中表示,哈萨克斯坦正进入新的发展阶段。他强调了国家治理的变革、人工智能的引入以及提高公民福祉的项目。据总统所说,…
Kursiv Media Tech
SMNTCN (Semanticon) — глобальные новости ИИ
托卡耶夫感谢NVIDIA负责人就哈萨克斯坦人工智能发展提出的想法
总统卡西姆-若马尔特·托卡耶夫在阿科尔达会晤后感谢NVIDIA首席执行官黄仁勋。他在X上的帖子中指出了其关于在哈萨克斯坦经济中应用人工智能的想法的价值,特别是在农业领域。"我感谢黄仁勋……"
Kursiv Media Tech


