Қазақстан цифрландыру мен жасанды интеллектіні экономиканы және мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың негізгі құралдарының біріне айналдырмақ. Бұл бағыт «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясында белгіленген, деп хабарлайды Tech-news. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов стратегияның іске асырылу барысын қарап, құжаттың ел экономикасының негізгі салаларындағы цифрлық өзгерістерге бағыт беретінін айтты. «Digital Qazaqstan» Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген. Стратегия цифрлық технологиялар мен ЖИ-ді экономиканың түрлі секторларына енгізіп, мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуды көздейді. Отырыс барысында стратегияның негізгі бағыттары бойынша бірнеше министрлік пен ұлттық компаниялардың басшылары есеп берді. Премьер-министрдің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев цифрлық трансформация бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров және Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев өз салаларындағы цифрландыру жоспарларын баяндады. Сонымен қатар «ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен «Қазақстан темір жолы» басқарма төрағасы Елжас Отыншиев компаниялардағы цифрлық жобалардың барысы туралы ақпарат берді. Стратегияның түпкі мақсаты — цифрлық технологияларды жекелеген жобалар деңгейінде ғана емес, экономиканың негізгі салалары мен мемлекеттік басқару жүйесіне кешенді түрде енгізу. Сообщение Digital Qazaqstan экономиканы ЖИ негізінде жаңғыртуды көздейді появились сначала на Tech news.
专题:Digital Qazaqstan: Қазақстан экономикасы мен мемлекеттік басқару жүйесі ЖИ негізінде жаңғыртылады
标题为哈萨克语Digital Qazaqstan экономиканы ЖИ негізінде жаңғыртуды көздейді
Қазақстан цифрландыру мен жасанды интеллектіні экономиканы және мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың негізгі құралдарының біріне айналдырмақ. Бұл бағыт «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясында белгіленген, деп хабарлайды Tech-news. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас…
Tech-news.kz作者: Гульнур Какимжанова2026年10月7日 (10月7日)
提供 1 种语言版本AI 摘要:要点
- Қазақстан цифрландыру мен жасанды интеллектіні экономиканы және мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың негізгі құралдарының біріне айналдырмақ
- Бұл бағыт «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясында белгіленген, деп хабарлайды Tech-news
- Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас…

全文为哈萨克语
事件时间线
相关文章
Profit.kz — тег «Искусственный интеллект»
Policy & regulation专题:Nvidia запускает новые открытые модели для агентов в бизнесе и на ПК#Nvidia#GPU & Суперкомпьютеры1 分钟
RUОткрытые модели NVIDIA поддерживают проекты в европейском госсекторе
Новые открытые модели NVIDIA помогают европейским правительствам эффективно управлять данными.
SMNTCN (Semanticon) — глобальные новости ИИ
RUЕвропейские пионеры используют модели NVIDIA Earth-2 для прогноза погоды
Модели NVIDIA Earth-2 помогают прогнозировать погоду и климат в Европе.
SMNTCN (Semanticon) — глобальные новости ИИ
RUNVIDIA трансформирует европейскую розницу с помощью ИИ и роботов
NVIDIA внедряет открытые модели и физический интеллект в европейскую розницу.
SMNTCN (Semanticon) — глобальные новости ИИ
