Антифрод, валюталық реттеу: Ұлттық банк жасанды интеллектіні қалай қолданады
Тимур Сүлейменов ЖИ-аналитиканың жұмысы туралы айтып берді
- 01.Тимур Сүлейменов ЖИ-аналитиканың жұмысы туралы айтып берді
Антифрод, валюталық реттеу: Ұлттық банк жасанды интеллектіні қалай қолданады
Тимур Сүлейменов ЖИ-аналитиканың жұмысы туралы айтып берді
Ұлттық банк жасанды интеллектіні Антифрод-орталықтың жұмысында, валюталық реттеуде және ақша-кредит саясаты бойынша шешім қабылдауда қолданады. Бұл туралы монетарлық реттеушінің басшысы Тимур Сүлейменов Алматыда өткен Central Asia Fintech Summit жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды Kapital.kz бизнес-ақпарат орталығы.
«Біз үшін Антифрод-орталыққа ЖИ-аналитиканы енгізу өте маңызды. Өйткені құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен олармен бірге жұмыс істейтін біздің (Антифрод-орталықтың – Ред.) мамандарымызға өте үлкен салмақ түсіп отыр. Алаяқтық операциялар бойынша күніне 100-200 шамасында арыз-шағым түседі, мұндай үлкен ағынды бір адамның жалғыз еңсеруі мүмкін емес. Ал біз енгізген ЖИ-аналитика бұл жүктемені 80 есеге азайтуға мүмкіндік берді. Қысқаша айтқанда, бұл – ІІМ мен басқа да органдарға (кибершабуылдар бойынша – Ред.) жедел, тиімді әрі нақты шешім қабылдауға көмектесетін толыққанды механизм», – деп атап өтті Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, Ұлттық банк валюталық реттеу мен қаржылық мониторингте де жасанды интеллектіні дамытып жатыр. «Ол жақта да жұмыс ауқымы өте үлкен, күдікті операциялар да аз емес. Бұның бәрін қолдан сұрыптап шығу тым күрделі», – деді Ұлттық банк басшысы.
Сонымен қатар Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты бойынша шешім қабылдауына көмектесетін AI-ассистент іске қосылды.
«Біздің жүйеде (жағдайды бағалауға арналған – Ред.) «көгершін» де, «қаршыға» да бар. Ашығын айтсақ, оған берілген ақпараттың тым көптігінен көгершіндеріміздің өзі қаршығаға айналып кеткен сияқты... Мысалы, базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдыру немесе көтеру мәселесінде. Сол себепті ең дана шешім қабылдайтын үшінші кейіпкерді – «үкіні» енгізуді жоспарлап отырмыз», – деп түйіндеді Тимур Сүлейменов.

2025 жылдың қарашасында Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов жасанды интеллектіні енгізу идеялары жайлы баяндаған болатын.
«Бастапқыда Ұлттық банкте цифрлық төраға орынбасары жұмыс істейді деген шешім болған. Алайда біз шектен тыс кетпейік деп ұйғардық. Сондықтан комитет шешімдері бойынша өз тәуелсіз пікірін ұсынып отыратын цифрлық қаржы аналитигі болады. Заңнамалық шектеулерге байланысты оған дауыс беру құқығын бермейміз. Сол себепті ЖИ-қаржы аналитигін дауыс беру құқығынсыз енгіземіз. Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетте аналитиктер өте көп, олардың әрқайсысы өз ойын дәлелдеуге тырысады... Енді бізде белгілі бір мәселелер бойынша деректер топтамасы болады, ал корпоративтік ЖИ өзінің сараптамалық пікірін ұсынып отырады», – деген еді бұған дейін Тимур Сүлейменов.

2025 жылдың қазан айының ортасында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ дауыс беру құқығы бар ЖИ негізіндегі директорлар кеңесінің цифрлық мүшесін енгізді. SKAI мемлекеттік холдингтің ДК отырысына қатысып та үлгерді. «Самұрық-Қазына» деректеріне сүйенсек, нейрожеліге директорлар кеңесі караған 2008 жылдан бергі барлық ақпарат жүктелген. ДК-нің цифрлық мүшесі арнайы оқытудан өтіп, өз жұмысында ҚР нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Қазақстандық миноритарлық акционерлер қауымдастығы (QAMS) «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесіне ЖИ-дің енгізілуіне байланысты Бас прокуратураға жүгінді.
QAMS сұрауына берген жауабында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мынаны растады:
• ДК мүшесі тек жеке тұлға бола алады (императивті норма);
• Мемлекеттік компаниялар үшін ерекше жағдайлар қаралмаған;
• ЖИ тәуелсіз директор мәртебесіне сәйкес келмейді.
Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының материалдарымен жұмыс істегенде тек 30% мәтінді ғана пайдалану, міндетті түрде көзге гиперсілтеме қою арқылы рұқсат етіледі. Толық материалды пайдалану үшін редакцияның рұқсатын алу қажет.
Связанные материалы
Все материалы →Искусственный интеллект может помочь в решении проблемы COBOL-кода
Искусственный интеллект может помочь решить проблему устаревшего COBOL-кода, но эксперты предупреждают о сложностях.
Итоги уходящей недели - то, что имеет значение
Итоги уходящей недели - то, что имеет значение Бизнес ИИ- компаний Тренд 2027. Будущее коммерции агентов. Платежи ИИ-агентов: за что сейчас идёт борьба? Разбор тут. Новая финансовая инфраструктура для ИИ-агентов. Скрытый налог на ИИ-агентов-кто на этом заработает? Разбор здесь.…
У Акорды подняли государственный флаг в честь Дня Республики
Президент Касым-Жомарт Токаев принял участие в церемонии поднятия флага ко Дню Республики. Она прошла на площади перед Акордой в Астане, сообщила пресс-служба главы государства. Сначала начальник роты Почетного караула отдал Токаеву рапорт. Затем подняли государственный флаг и…