Все публикации
1 мин чтения
Политика и регулирование🇰🇿 Казахстан14 октября 2026 г.

Alem.ai орталығында Қазақстан мен Бельгияның ЖИ жобалары таныстырылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия королі Филипп және патшайым Матильда Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысты. Кездесу барысында ЖИ, нейроғылым және математика бағытындағы бірлескен зерттеулер, сондай-ақ білім беру жобалары…

Гульнур Какимжанова·Tech-news.kz
Первоисточник
Ключевые инсайты
  • 01.Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия королі Филипп және патшайым Матильда Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысты
  • 02.Кездесу барысында ЖИ, нейроғылым және математика бағытындағы бірлескен зерттеулер, сондай-ақ білім беру жобалары…
Alem.ai орталығында Қазақстан мен Бельгияның ЖИ жобалары таныстырылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия королі Филипп және патшайым Матильда Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысты. Кездесу барысында ЖИ, нейроғылым және математика бағытындағы бірлескен зерттеулер, сондай-ақ білім беру жобалары таныстырылды, деп хабарлайды Tech-news. Қонақтарға орталықтың музей экспозициясы, робототехника аймағы мен ЖИ көмегімен жұмыс істейтін кинотеатр көрсетілді. Сонымен қатар Alem.ai-дың ұзақмерзімді даму жоспары және жасөспірімдерге технологиялық білім беруге бағытталған TUMO Astana бағдарламасы туралы ақпарат берілді. Орталықтағы Қазақстан-Бельгия бірлескен жасанды интеллект және математика зертханасы да назарға ұсынылды. Мұнда бірнеше зерттеу жобасы қолға алынған. Олардың қатарында NeuroLearn бар. Жоба ЖИ, нейроғылым және оқушының жеке қажеттіліктеріне бейімделетін оқыту әдістерін зерттейді. Тағы бір бастама — ParkScreen. Ол Паркинсон ауруының белгілерін ерте кезеңде анықтауға арналған ЖИ скрининг әдістерін әзірлеуге бағытталған. Іс-шара аясында Гент университетінің атынан Қазақстанның дарынды оқушылары мен студенттеріне телескоп табысталды. Құралға физика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары Франсуа Энглер мен Герард ’т Хоофттың, астроном Мишель Майордың және бельгиялық астронавт Франк Де Винненің қолтаңбалары қойылған. Сообщение Alem.ai орталығында Қазақстан мен Бельгияның ЖИ жобалары таныстырылды появились сначала на Tech news.

Материал агрегирован в рамках национального инфопотока AI Qazaqstan с сохранением ссылки на автора.

Связанные материалы

Все материалы →
Исследования1 мин

GPT-6.1 Terra: OpenAI вдвое снизила цену на агентную модель среднего класса

🖥️ GPT-6.1 Terra: OpenAI вдвое снизила цену на агентную модель среднего класса OpenAI выпустила GPT-6.1 Terra для агентных сценариев, работы с компьютером и повседневного кодинга. Цена в API вдвое ниже, чем у GPT-5.6 Terra: $1 за миллион входных токенов вместо $2 и $6 за…

Telegram — AI Machine Learning Big Data