Дженсен Хуангтың сапары аясында Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев Peer-to-Peer өзара әрекеттесу және геймификация қағидаттарына негізделген стартаптардың цифрлық қаласы — Startup City жобасын таныстырды. Бұл платформа өңірлік хабарларды, білім беру бағдарламаларын, зертханаларды, венчурлық қаржыландыруды және халықаралық алаңдарды біріктіріп, стартаптарға идеядан жаһандық нарықтарға дейінгі жолдан өтуге көмектеседі. Интерактивті ойын форматында қатысушылар виртуалды монеталар тауып, оларды экосистема ішінде пайдалана алады, ал цифрлық егіздер Astana Hub-тың нақты инфраструктурасын көрсетеді. Сапар барысында қазақстандық технологиялық стартаптарға да ерекше назар аударылды. Дженсен Хуангқа өз ұшу аппараттарын әзірлеу және өндірумен, сондай-ақ ұшуды автономды басқаруға және нақты уақыт режимінде операцияларды үйлестіруге арналған бағдарламалық-аппараттық шешімдерді жасаумен айналысатын ARC Aero, QazTWIN, DeepInfra, MiraiTech және Blockchair. Ұсынылған жобалар робототехника, автономды жүйелер мен жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытудағы технологиялық командалардың әлеуетін паш етті.