Цифрландыруға қатысты жаңа бюджеттік өтінімдер тек жобаның Digital Qazaqstan стратегиясына сәйкестігімен шектелмей, оның күтілетін экономикалық әсері ескеріле отырып қаралады. Премьер-министр Олжас Бектенов цифрлық жобаларды бір жүйеге келтіріп, қайталанатын шешімдерге жұмсалатын шығындарды қысқартуды тапсырды, деп хабарлайды Tech-news. Үкімет отырысында Digital Qazaqstan стратегиясын мемлекеттік жоспарлау жүйесімен байланыстыру мәселесі қаралды. Бектеновтің айтуынша, стратегия жеке цифрлық бастамалар жиынтығына айналмай, мемлекеттік органдар мен өңірлердің нақты даму жоспарларына енгізілуі керек. Жасанды интеллект министрлігіне Стратегиялық жоспарлау агенттігімен бірлесіп, жыл соңына дейін стратегияның нысаналы көрсеткіштерін мемлекеттік органдардың, өңірлердің және квазимемлекеттік сектор ұйымдарының даму жоспарларына енгізу тапсырылды. Стратегияның нәтижесі іске қосылған цифрлық жобалардың санымен емес, белгіленген көрсеткіштердің қаншалықты орындалғанымен бағаланбақ. Яғни басты өлшем – қанша жоба жасалғаны емес, олардың нақты нәтиже беруі. Бұдан бөлек, мемлекеттік органдардың қолданыстағы және жоспарланған цифрлық жобалары қайта қаралады. Жасанды интеллект министрлігіне екі ай ішінде бір-бірінің функциясын қайталайтын шешімдерді анықтап, оларды бірыңғай архитектура мен ортақ мемлекеттік платформаларға шоғырландыру тапсырылды. Бұл бірнеше ведомствоның ұқсас функцияларды жеке-жеке әзірлеп, оған бюджет бөлуінің алдын алуға тиіс. Бектенов цифрландыруға бөлінетін қаржы мен технологиялық ресурстарды басым жобаларға бағыттау қажет екенін атап өтті. Осыған байланысты Жасанды интеллект министрлігі Қаржы министрлігімен бірге жыл соңына дейін цифрлық жобалардың басымдықтарын айқындауы керек. «Стратегияның көрсеткіштеріне қол жеткізуге тікелей ықпал ететін шешімдерді бірінші кезекте қаржыландыру қажет. Цифрландыруға қатысты барлық жаңа бюджеттік өтінімдер Digital Qazaqstan архитектурасы мен басымдықтарына сәйкестігі, сондай-ақ күтілетін экономикалық әсері тұрғысынан қаралуы тиіс», – деді Олжас Бектенов. Стратегияның әр бағыты бойынша нақты жобалар, көрсеткіштер, іске асыру мерзімдері және жауапты орындаушылар белгіленген. Түпкілікті нәтижеге қол жеткізуге мемлекеттік органдардың бірінші басшылары тікелей жауап береді. Стратегияның жалпы орындалуын бақылау және үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке жүктелді. Сообщение Digital Qazaqstan: жаңа цифрлық жобалар экономикалық әсеріне қарай қаржыландырылады появились сначала на Tech news.
Title in KazakhDigital Qazaqstan: жаңа цифрлық жобалар экономикалық әсеріне қарай қаржыландырылады
Цифрландыруға қатысты жаңа бюджеттік өтінімдер тек жобаның Digital Qazaqstan стратегиясына сәйкестігімен шектелмей, оның күтілетін экономикалық әсері ескеріле отырып қаралады. Премьер-министр Олжас Бектенов цифрлық жобаларды бір жүйеге келтіріп, қайталанатын шешімдерге…
AI Summary & Key Takeaways
- Цифрландыруға қатысты жаңа бюджеттік өтінімдер тек жобаның Digital Qazaqstan стратегиясына сәйкестігімен шектелмей, оның күтілетін экономикалық әсері ескеріле отырып қаралады
- Премьер-министр Олжас Бектенов цифрлық жобаларды бір жүйеге келтіріп, қайталанатын шешімдерге…

Related stories
In Kazakhstan, you can now register with a clinic through Kaspi.kz
✔️ In Kazakhstan, you can now attach to a clinic through Kaspi.kz. A new government service has appeared in the Kaspi application - attachment to a medical organization. Now Kazakhstanis can choose a clinic and register online, without visiting a medical facility. What can...
Kaspi.kz has launched a service for attaching to a medical organization
Kazakhstanis can choose a medical organization for free services. Millions of citizens enjoy this right every year. Now you can make an attachment quickly and conveniently directly in the Kaspi.kz application. Mikhail Lomtadze, head and co-founder of Kaspi.kz: “Together with...
More than 3,000 kilometers of toll roads in the Republic of Kazakhstan are covered by average speed control systems
On 15 sections of toll highways in Kazakhstan (which is more than 3,000 kilometers), continuous monitoring of average speed has already been launched.
RUОткрытые модели NVIDIA поддерживают проекты в европейском госсекторе
Новые открытые модели NVIDIA помогают европейским правительствам эффективно управлять данными.

