克孜勒奥尔达学生创建了一个人工智能平台,可将手势转换为文本和声音
克孜勒奥尔达纳扎尔巴耶夫智力学校的学生开发了一个名为 QOLDAU AI 的网络平台。据科技新闻报道,基于人工智能的系统可以识别哈萨克手语的手势,并将其实时转换为文本和语音。艾莎比比启动了这个项目......
- 01.克孜勒奥尔达纳扎尔巴耶夫智力学校的学生开发了一个名为 QOLDAU AI 的网络平台。据科技新闻报道,基于人工智能的系统可以识别哈萨克手语的手势,并将其实时转换为文本和语音。艾莎比比启动了这个项目......

Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары QOLDAU AI атты веб-платформа әзірледі. Жасанды интеллект негізіндегі жүйе қазақтың ымдау тіліндегі қимылдарды танып, оларды нақты уақыт режимінде мәтінге және сөйлеуге айналдырады, деп хабарлайды Tech-news. Жобаны Айшабибі Ерланқызы мен Ғайнижамал Берікқызы жасап шыққан. Платформаның алғашқы сынағы Қызылорда қаласындағы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №6 арнайы мектеп-интернатта өтті. Жүйе веб-камера арқылы жұмыс істейді QOLDAU AI платформасын пайдалану үшін компьютерге немесе басқа құрылғыға қосылған веб-камера мен интернет жеткілікті. Қосымша бағдарлама орнатудың қажеті жоқ: жүйе ым-ишараны танып, оны мәтіндік және дыбыстық форматта жеткізеді. Мұндай шешім есту қабілеті бұзылған адамдардың айналасындағылармен қарым-қатынас жасауына көмектесуге бағытталған. Алғашқы сынақ кезінде интернат тәрбиеленушілері платформаны қолданып көріп, өз пікірлерін білдірді. Педагогтер жобаның практикалық маңызын атап өтіп, жүйе танитын ым-ишаралар қорын кеңейтуді ұсынды. Олардың пікірінше, платформаны жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытуға да пайдалануға болады. Ымдау тілі маманы Зухра Қалжанованың айтуынша, жүйедегі кейбір ымдардың мағынасын нақтылау қажет. Ол болашақта платформаға қосымша оқу материалдары мен бейнесабақтар енгізілгенін қалайды. Әзірлеушілер жүйені жетілдіруді жалғастырады QOLDAU AI жобасы физика пәнінің мұғалімі Айнұр Құрақбаеваның және Қызылордадағы NIS директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Мадина Рашитованың жетекшілігімен дамып жатыр. Алғашқы сынақтан жиналған пікірлер платформаның мүмкіндіктерін жетілдіруге көмектеседі. Әсіресе танылатын ымдардың санын арттыру, олардың мағынасын дәлірек анықтау және пайдаланушылардың қажеттіліктеріне бейімдеу маңызды. QOLDAU AI әзірге сынақтан өткізу және жетілдіру кезеңінде. Жобаның әрі қарайғы дамуы жүйенің күнделікті қарым-қатынаста қаншалықты тиімді қолданылатынын анықтауға мүмкіндік береді. Кездесу шығармашылық шарамен жалғасты NIS оқушыларының арнайы мектеп-интернатқа сапары технологиялық жобаны таныстырумен шектелмеді. Олар Республика күніне орай тәрбиеленушілер арасында «Қазақстан — менің мақтанышым» атты сурет байқауын да ұйымдастырды. Балалар акварельмен салған жұмыстарында Қазақстанның мәдениетін, дәстүрлерін және көрікті жерлерін бейнеледі. Байқау жеңімпаздары интернат тәрбиеленушілері дайындаған концерттік бағдарлама аясында марапатталды. Сообщение Қызылорда оқушылары ым-ишараны мәтін мен дыбысқа айналдыратын AI-платформа жасады появились сначала на Tech news.
Related Intelligence
All stories →FairStress: тест на демографическую справедливость моделей
📌 FairStress: тест на демографическую справедливость моделей Институт Аллена опубликовал набор FairStress для проверки того, меняет ли языковая модель своё решение о человеке из-за его расы, пола, религии, возраста, инвалидности или ориентации в сферах найма, кредитования,…
NVIDIA Mission Control 2.5 改进了 Kubernetes 中的离线恢复
NVIDIA Mission Control 2.5 为 Kubernetes 提供离线恢复。
Дайджест ИИ-новостей за 26 октября 2026
Сегодня мир ИИ продолжает удивлять новыми достижениями и инновациями, расширяя границы привычных областей применения. Испаноязычный радиоведущий на основе ИИ стремится поддержать иммигрантов, а Meta и