哈萨克斯坦计划在联合执行机构的帮助下实现公共行政现代化
哈萨克斯坦计划在数字技术和人工智能的基础上重建公共管理系统。总统宣布消除国家机器中的繁文缛节、重复性任务的自动化以及对公务员的要求......
- 01.哈萨克斯坦计划在数字技术和人工智能的基础上重建公共管理系统。总统宣布消除国家机器中的繁文缛节、重复性任务的自动化以及对公务员的要求......

Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект негізінде қайта құру көзделіп отыр. Президент мемлекеттік аппараттағы қағазбастылықты жоюды, қайталанатын міндеттерді автоматтандыруды және мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарды күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Tech-news. Мемлекет басшысының айтуынша, мемлекеттік органдардың жұмысындағы қайталанатын міндеттер мен басқару жүйесіндегі қайшылықтарды анықтап, оларды жасанды интеллект көмегімен жою қажет. Бұл шешім қабылдау үдерісін жеделдетіп, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған. Президент мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейіне де назар аударды. Оның пікірінше, мемлекеттік қызметшілер Конституцияны басшылыққа алып, ел мен халық мүддесіне адал қызмет етуі керек. Осыған байланысты мемлекеттік қызметшілерге арналған жаңа әдеп қағидаттарын әзірлеу ұсынылды. Мемлекет басшысы өзгерістердің формалды сипатта қалмауы керектігін атап өтті. Оның сөзінше, мемлекеттік басқаруды жаңғырту үшін нақты реформалармен қатар, құқықтық және қаржылық шаралар да қажет. Президент Әкімшілігіне 2027 жылғы 1 маусымға дейін мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың кешенді жоспарын ұсыну міндеті жүктелді. Реформаның негізгі мақсаты — мемлекеттік басқару жүйесін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектке сүйенетін жаңа экономиканың талаптарына бейімдеу. Сообщение Қазақстан мемлекеттік басқаруды ЖИ көмегімен жаңғыртуды жоспарлап отыр появились сначала на Tech news.
Related Intelligence
All stories →Токаев призвал ускорить токенизацию активов в Казахстане
Для построения народной цифровой экономики важно, чтобы возможности людей не зависели от места их проживания — Президент.