eGov-та шекарадан өту туралы анықтаманы енді онлайн алуға болады
Қазақстан азаматтары енді мемлекеттік шекараны қашан, қай өткізу пункті арқылы және қандай көлікпен кесіп өткенін eGov арқылы онлайн тексере алады. Анықтама бірнеше минут ішінде электронды түрде қалыптасып, жеке кабинетке жүктеледі, деп хабарлайды Tech-news. Құжатта шекарадан…
- 01.Қазақстан азаматтары енді мемлекеттік шекараны қашан, қай өткізу пункті арқылы және қандай көлікпен кесіп өткенін eGov арқылы онлайн тексере алады
- 02.Анықтама бірнеше минут ішінде электронды түрде қалыптасып, жеке кабинетке жүктеледі, деп хабарлайды Tech-news
- 03.Құжатта шекарадан…

Қазақстан азаматтары енді мемлекеттік шекараны қашан, қай өткізу пункті арқылы және қандай көлікпен кесіп өткенін eGov арқылы онлайн тексере алады. Анықтама бірнеше минут ішінде электронды түрде қалыптасып, жеке кабинетке жүктеледі, деп хабарлайды Tech-news. Құжатта шекарадан өту күні мен уақыты, қозғалыс бағыты, маршрут, рейс пен көлік нөмірі, кірген немесе шыққан ел және өткізу пункті көрсетіледі. Анықтаманы eGov.kz порталы немесе eGov Mobile арқылы рәсімдеуге болады. Порталда авторизациядан кейін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан кесіп өту туралы анықтама беру» қызметін таңдап, анықтама кімге қажет екенін және қажетті уақыт аралығын көрсету жеткілікті. Одан кейін өтінішке қол қойылады. Қызмет тегін көрсетіледі және ЖСН-ы бар Қазақстан азаматтарына қолжетімді. Өтінішті 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қазіргі күнге дейінгі кезеңге беруге болады, бірақ бір сұраудағы уақыт аралығы үш айдан аспауы тиіс. Құжатты қалыптастыруға 15 минутқа дейін уақыт кетеді. Дайын анықтама eGov.kz сайтындағы «Менің профилім – Жеке кабинет» бөлімінде қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді болады. Егер көрсетілген кезеңде азаматтың шекарадан өткені туралы дерек болмаса, бұл ақпарат та құжатта көрсетіледі. Анықтаманы өзіне ғана емес, кәмелетке толмаған баласына немесе заңнамада қарастырылған жағдайда заңды өкілі болып табылатын кәмелетке толған адамға да рәсімдеуге болады. Бала туралы қажетті мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде жүктеледі. Құжат шетелден смартфон немесе планшет әкеліп, оны Қазақстандағы ұялы байланыс желілерінде пайдаланатын азаматтарға IMEI-кодын тіркеу кезінде де қажет болуы мүмкін. Шетел азаматтары шекарадан өткені туралы анықтаманы QazETA порталы арқылы ала алады. Электронды анықтама мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі деректер негізінде автоматты түрде жасалып, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады. Сондықтан оның заңды күші бар. Жаңа қызметті ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп әзірледі. Сообщение eGov-та шекарадан өту туралы анықтаманы енді онлайн алуға болады появились сначала на Tech news.
Related Intelligence
All stories →国旗在阿科达升起以纪念共和国日
总统卡西姆-若马尔特·托卡耶夫参加了共和国日升旗仪式。据国家元首新闻处报道,这次活动发生在阿斯塔纳阿科达前的广场上。首先,仪仗队连长向托卡耶夫作了汇报。然后他们升起了州旗...
托卡耶夫向哈萨克斯坦人祝贺共和国日
总统卡西姆-若马尔特·托卡耶夫在共和国日祝贺中表示,哈萨克斯坦正进入新的发展阶段。他强调了国家治理的变革、人工智能的引入以及提高公民福祉的项目。据总统所说,…