预算支出由人工智能控制
卡西姆-若马特·托卡耶夫指示政府和国家银行创建一个管理预算资金的自动化系统
- 01.卡西姆-若马特·托卡耶夫指示政府和国家银行创建一个管理预算资金的自动化系统
Макроэкономикалық тұрақтылықты ұзақ мерзімді перспективада қамтамасыз етілудің бір жолы – бюджет саясатын реттеу. Өткен жылы қабылданған Бюджет кодексі мемлекеттік қаражатты тиімді басқаруға және қаржылық тәртіпті нығайтуға мүмкіндік берді. Алайда шығындар жыл сайын өсіп келеді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы. «Сол себепті, қазына қаржысын жоспарлау және басқару сапасын одан әрі арттыру қажет. Орынсыз, тиімсіз шығындардың алдын алу үшін жасанды интеллект технологиясының мүмкіндігін пайдаланған дұрыс. Сондай-ақ мемлекеттік қазына жүйесін толыққанды цифрландыру жұмысын аяқтау керек. Бюджет қаражатын басқарудың ортақ әдіс-тәсілдерге негізделген, автоматтандырылған жүйесін құру қажет. Үкімет пен Ұлттық банктен нақты ұсыныстар күтемін», – деді мемлекет басшысы. Ол Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында «озық және технологиялық дамыған мемлекет құру ісіне серпін берілгенін» еске салды. «Енді біз бұл жұмысты жүйелі түрде жалғастырып, жасанды интеллектке негізделген цифрлық экономика құруымыз керек. Үкімет, ұлттық компаниялар, креативті индустрия секторы бұл процесске белсене қатысуға тиіс. Бұл – жаңа дәуірдің талаптарына толық жауап беретін аса маңызды жалпыұлттық міндет. Болашақ экономикасын құру үшін біз стереотиптер мен ескірген тәсілдерден мәңгілікке арылуға тиіспіз. Біз қоғам дамуының мүлде жаңа негізін қалыптастыруымыз керек. Іс жүзінде мұны озық технологиялар дәуірінде өскелең ұрпақтың лайықты өмір сүруіне жол ашатын ұзақ мерзімді жалпыұлттық миссия деп атауға болады», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұған дейін Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстанның 2027–2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын таныстырған болатын. Министрлік болжамы бойынша, республикалық бюджеттің кірісі 2027 жылы 19,9 триллион теңгені, 2028 жылы 21,7 триллион теңгені, 2029 жылы 23,4 триллион теңгені құрайды. Бюджет тапшылығы 2027 жылы ІЖӨ-ге шаққанда 2,3% деңгейінде белгіленіп, 2029 жылы ІЖӨ-ге шаққанда 0,4%-ға дейін төмендейді. Республикалық бюджеттің шығындары 2027 жылы 30,2 триллион теңгені, 2028 жылы 29,4 триллион теңгені және 2029 жылы 29,6 триллион теңгені құрайды.
Related Intelligence
All stories →托卡耶夫概述哈萨克斯坦数字化重点任务:从农业人工智能到数字就业
今天,10月28日,哈萨克斯坦总统托卡耶夫向哈萨克斯坦人民发表了《哈萨克斯坦在新的历史周期中的当前任务》的讲话。演讲的重点议题之一是基于人工智能的数字经济发展。章…
哈萨克斯坦将人工智能引入农业
NVIDIA 首席执行官黄仁勋 (Jensen Huang) 表示,引入人工智能将有助于扩大灌溉农业规模并提高生产力